НУО КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН –
РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ісікке қарсы иммунитет: туа біткен, жүре пайда болған.
Қабылдаған: Турсын А. Т.
Орындаған: Жумабаев Н. Б.
Тобы: Стоматология 205А.
Пәні: Иммунология
Алматы 2022ж. ЖОСПАР: І. Кіріспе. ІI. Негізгі бөлім. 2.1. Ісікке қарсы иммунитет механизмі
2.2 Туа біткен иммунитет. Адаптивті иммунитет.
2.3. Жүре пайда болған иммунитет. ІII. Қорытынды. IV. Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ Иммунитет – ол өзінен бөтен генетикалық информация тасымалдау қабілеттілігі бар тірі денелер мен заттардан қорғану қабілеті.
Организмді қорғау механизмдерімен факторлары екі топқа бөлінеді:
1.Туа пайда болған қорғаныс факторлары немесе бейспецификалық төзімділік факторлары.
2.Индуцибельді қорғаныс факторлары – белгілі бір инфекциялық агентке немесе бөгделі қасиеттері бар басқа субстраттарға иммундық жүйені спецификалық реакциялары.
Иммундық жүйе – организмнің жасушалық – генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ағзалардың, тіндердің, жасушалардың жиынтығы. Иммундық жүйе орталық және шалғайлық ағзалардан тұрады.
Қан элементтерінің барлығына ортақ, лимфойдты жасушалардың бастаушысы – сүйек кемігінің бағаналы жасушалары болып табылады. Антенаталдық және бастапқы постнаталдық кезеңде осы жасушалардың бір бөлігі тимусқа түсіп жетілу кезеңінен өтеді де, натигеннің әсеріне арнайы жауап беру қабілетіне ие болады. Бұндай жасушалар тимус – тәуелді немесе Т- жасушалар деп аталады. Иммуналогиялық функциясы бойынша Т жасушалар бікелкі емес. Иммунологиялық функциясы бойынша Т – жасушалар біркелкі емес. Олардың кейбіреулері баяу типтегі жоғары сезімталдық жауабын беретін заттарды өндіреді. В – жасушалардың және Т – жасушаларының кейбір популяциясының жұмысын күшейтетін Т – жасушалар да бар. Бөгде антигендерді өзінше жоюға қатысады және де кейбір Т - жасушалар жоғары сезіталдықтың баяу түрін туғызуға қатысады, ал басқа түрінің иммунологиялық есте сақтау қабілеттілігі бар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ