Байланысты: БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А
Жасанды жүре пайда болған иммунитет – вакцинация, серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды.
1. активті жүре пайда болған иммунитет - өлі немесе әлсіреген микроорганизмдер және олардың антигендерімен иммунизация жасаған соң дамиды. Иммунизациядан соң 1-2 апта өткен соң иммунитет қалыптасады, кейбіреулері жыл, ондаған жылдар немесе өмір бойы сақталады.
2. пассивті жүре пайда болған иммунитет – дайын антидене енгізу, кейде сенсибилизирленген лимфоциттерді енгізеді. Бұл кезде иммундық жүйе пассивті түрде қалыптасады, иммундық жүйе керекті уақытынан кеш дамиды. Дайын антидене жануарлардан иммунизация жолымен алынады. Кейбір уақытта ағзаға дайын антидене енгізгенде кері әсерлері дамиды, сондықтан бұл препараттарды емдік мақсатта қолданады және жоспарлы иммунопрофилактикада қолданбайды.
Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер – микроорганизмдердің токсинін ыдыратады. Пассивті жүре пайда болған иммунитет – тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады.
Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары
1. туа пайда болған (конституциональді)
2. жүре пайда болған (индуцирленген)
Туа пайда болған иммунитет
1. механикалық
2. физико-химиялық
3. иммунобиологиялық
Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды. Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді.
Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант).
Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі – гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады.
Комплемент. Комплемент жүйесі – қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі – фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру.
Комплемент компонентінің активтелу жолы
1. классикалық жол
2. алтернативтік жол
Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фрагциясы да қатысады (С1-С9), рет-ретімен.
Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фрагцияға әсер етеді.