2.3. Жүре пайда болған иммунитет. Түрлік иммунитет дегеніміз – генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды.
Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз – адамның өмір сүру барысында пайда болады,ол ұрпаққа берілмейді.
Табиғи жүре пайда болған иммунитет – бұл инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін дамиды. Қоздырғыштың түріне және ағзаның иммундық жүйесіне байланысты.
А) өмірлік (қызамық)
Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі)
В) қысқа уақыт (тұмау)
Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет - жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі.