Реферат Тақырыбы: «Ж. Жабаев өмірі мен шығармашылығы.»



бет3/4
Дата22.10.2023
өлшемі56,5 Kb.
#187344
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
әдебиет 10 апта

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет