ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А. БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Шетел тілдер факультеті
Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел тілі сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Орындаған: Ка-24 тобы студенті Нұртай А.
Тексерген: доцент Қағазбаев Ж.А.
Қарағанды 2020 ж
ЖОСПАР
Кіріспе ...........................................................................................................................................3
Негізгі бөлім................................................................................................................................4-7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................................8
Кіріспе
Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілі жүргізілуде. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты оқушылардың осы тілінде сөйлеу қабілетін арттыру болып табылады. Ерте жастан тілді үйрету оқушылардың коммуникативті дағдыларын арттырады,қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді оған қоса оқушыны бәсекелестікке шыңдайды.
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |