Реферат тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел тілі сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері


Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді



бет3/4
Дата26.12.2023
өлшемі28,26 Kb.
#199505
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
жаңартылған бб реферат нұртай арайлым ка 24

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) қозғалыс ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) үстел үсті ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Үстел үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары . Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар . Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар –жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек: -мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын; -ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы; -жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді; -ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;
Find the sixth.”
Ойыншылар дөңгелектеніп отырады. Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді. Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]Қорыта келгенде сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым.
Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет