Реферат тақырыбы: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Орындаған: Жұмабек Аделия Асылбекқызы



бет6/8
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 1

Адам жасының кезеңдері.
Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде организімнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу кезеңі басталады. Осыны ескере отырып 1965 жыл адам организімін зерттейтін ғалымдар өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында болған дүние жүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

  1. Жаңа туған сәби\ алғашқы ан күн өмірі\

  2. Емшектегі сәби. \10 күннен 1 жасқа дейін\

  3. Алғашқы балалық шақ. \1-3 жас\

  4. Бірінші балалық шақ.\4-7 жас\

  5. екінші балалық шақ. \қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас\

  6. жеткіншек немесе жасөспірімдер. \ қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас\

  7. кәмелеттік немесе жігіттік\ бойжеткендік.\ қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас\

  8. Кемелге келу немесе ересектік мерзімінің 1-ші жартысы. \әйел 21-35, ерлер 22-35\

  9. ересектік мерзімінің екінші жартысы.\ әйелдер 36-55, ерлер 36-60\

10.Егде жас.\әйелдер 55-74, ерлер 60-74 жас\
11. Қариялар немесе кәрілік.\ әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90\
12. Ұзақ өмір сүрушілер.\ 90 жастан әрі қарай\
Бұған қоса, балаларды тәрбиелеу, үйрету және оқыту жағдайларын ескеріп педагогтар келесі жас кезеңдерінің топтарын ұсынды:

  1. Жаңа туған сәби.\1-ай\

  2. Емшектегі сәби. \1 айдан 1 жасқа дейін\

  3. Балбөбектер тобы.\1-4 жас\

  4. Мектепке дейінгілер тобы.\5-7 жас\

  5. мектеп жасындағылар:

А. Бастауыш сыныптағы оқушылар.\7-1 жас\
Ә. Ортаңғы сыныптағы оқушылар.\11-14 жас\
Б. Жоғарғы сыныптағы оқушылар.\14-18 жас\
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші бір кезеңге ауысу уақытын өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімі деп атайды.
Зерттеушілер ауысу мерзімін мүшел жас деп атап жүр., бірақ оның жас кезеңдері қазақтың мүшелі жасымен сәйкес келмейді, дегенмен белгілері ұқсайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан беімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. өзгеру мезгілін басынанан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, тағы басқаларына қарай әртүрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет