Басқа ғылымдармен байланысы
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.
Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен топшыларының қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология, сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенас педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа сай физиология мен гигиена балалар мен жасөспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлқ тірі оргаизмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысн білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен гигиена адам анатомиясының, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам организімінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеу үшін оның организімінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді.
Сондықтан көне Греция мен Рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер адам организімінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған. Дегенмен тек қана 1926 жылы ағылшын ғалымы Уильям Гарвей организімінің негізгі қызметінің бірі- қан айналысын бақылап, сол арқлы жан-жануарлардың функциясы туралы адам білімінің алғашқы жаңа негізін қалады.
XVII ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организімінің рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты.XIX-XX ғасырларда орыс ғалымдары И.М. Сеченов И.П. Павлов және олардың әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты.
Біздің республикамызда тірі организімдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф.М. Мұхамедқалиев, А.Р. Рақышов т.б. ғалымдар мен олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталды. Бұл жылы профессор А.П.Полосухин алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан ғылыми академиясының қазақ филиалында физиология секторын ,1945 жылы физиология ғылыми- зерттеу институтн ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады.
Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары- нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов С.Ж. Тілеулин С.Т. Төлеуханов және олардың шәкірттері үлксін қосуда.
Достарыңызбен бөлісу: |