Қазақстан ғалымдарының «Оқушылардың даму физиологиясы»пәніне қосқан үлестері



Дата07.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#94736
Байланысты:
Қазақстан ғалымдарының физиология ғылымына қосқан үлестері — копия — копия

Қазақстан ғалымдарының «Оқушылардың даму физиологиясы» пәніне қосқан үлестері


Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:

Полосухин Александр Порфирьевич

Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.


Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. «Адам физиологиясы» оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х.К.Сатбаева,2005ж.). Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин.Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми – зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова - ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева - көп жылдар бойы АММИ-да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы

Қабдырахман Дүйсембин

Дүйсембин Қабдырахман (15.10.1931 жылы туған, Павлодар облысы үшкөл ауылы) — ғалым, биология ғылым докторы (1971), профессор (1985). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент академигі (2003).

ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1953). 1953 — 81 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Физиология институтында(қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы институы) кіші, аға ғылым қызметкер, лаб. меңгерушісі, 1981 — 90 жылы ҚазМУ-де адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1990 жылдан Адам және жануарлар физиологиясы институтының директоры.

Дүйсембиннің негізгі ғылым еңбектері лактация (сүттену) физиологиясына арналған. Ол физиология саласында жаңа бағыт — лактацияның нейрогормондық реттелуінің негізін салды. Сүт бездері клеткаларындағы гормондар, жүйке медиаторлары мен рецепторларының байланысын зерттеді. Дүйсембин биені машинамен саууды физиология тұрғыдан негіздеп, оның сүттілігінің артуы — организмдегі пролактин, соматотропин гормондары мен витаминдер және әр түрлі микроэлементтерге байланысты екенін ашты. Әйелдің гипогалактиясының (сүтінің аз болуы) физиол. ерекшелігін зерттеу нәтижесінде оның алдын алу шараларын, емдеу жолдарын және гипофиз, қалқанша, бүйрекүсті бездерінде гормон түзілуінің динамикасын анықтады. Перзетханада Перзетхана ана мен нәрестені бірге орналастырудың олардың психикалық жағдайының қалыпты болуын және лактогенез процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз ететінін дәлелдеді.

1970 ж. «Закономерности молокообразования и молокоотдачи у кобыл и некоторых видов жвачных животных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет