Реферат тақырыбы: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Орындаған: Жұмабек Аделия Асылбекқызы


Жоғарғы жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері



бет7/8
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 1

Жоғарғы жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері.
жоғарғы жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организімінің сыртқы ортамен қарым-қатысының тиімді қалыптасуын реттейді. Жоғарғы дәрежедегі қызметтер: ес,сана,ойлау,көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Адамның мінез-құлқы мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол- орыстың ұлы ғалымы физиолог И.М. Сеченовтың «Ми рефлекстері» 1863)атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген алғаш рет дәлелдеген.Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қоболжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады деп түсіндіреді. И.М.Сеченовтың бұл еңбегі заманында материалистік көзқарастың қалыптасуына нақтылай дәлел болып, психикалық әрекеттер туралы алғашқы ғылыми пікірлер тудырды. Ғалымның одан кейінгі шыққан еңбектері де( «Психикалық этюдтер» «Психологияны кім дамытады?»)жоғарғы жүйке әрекетін осы тұрғыдан түсіндіруге бағытталған. И.М.Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты ғылымның рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғарғы жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясынның заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғылымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуына маңызды орын алды. Уақытпен шыңдалған бұл ілімнің маңызы осы кезеңге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шыңдалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен –ақ псикалық әрекеттердің шартты рефлекторлары механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет