Реферат тақырыбы: Жатыр бұлшық еті жиырылу белсенділігіне және тонусына әсер ететін дәрілер. Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер


II. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер



бет4/11
Дата26.12.2021
өлшемі203,17 Kb.
#105896
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жатыр булшык ети жиырылу белсенд3л3г3

II. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер

Эритропоэз - кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.



1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0,9 төмен)

Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сіңірілуі Со2+,Cu2+,Mn2+,Zn2+,Mn2+ микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.



Қолдануы:Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.

Жанама әсері: жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды еңгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет