Аурухана жағдайындағы ем Оперативті емдеу. Мүмкіндік жағдайдың жеделдігіне байланысты. Геморрагиялық шокта – шұғыл лапаротомия, тубэктомия, интенсивті терапия.
Ал қалған жағдайларда – лапароскопиялық мүмкіндік. Қарсы көрсеткіштер болмаса, мүшелерді сақтап қалу операциясы: туботомия («түтіктік кесір тілігі»).
Мүшелерді сақтап қалу операциясына қарсы көрсеткіштер:
Түтіктіңқабырғасының морфологиялықөзгерісі («кеш» жатырдан тыс жүктілік, түтіктіңқабырғасының жұқаруы бүкіл ұрық бар кезде);
Жатыр түтігінің интерстициалды бөлігіндегі ұрық клеткасының локализациясы ;
Кіші жамбас ағзаларының жабысқақүрдісі;
Эктопиялық жүктілік кезінде жатыр түтігінде түтіктік перитоналды бедеуліккереконструктивті-пластикалық операция жасалады.
Операция кезінде қалған жатыр түтігініңөткізгіштігін бағалау өте маңызды.
Алдын алу
Міндетті түрде мына жоспарланған және емдеу технологияларға сүйену керек, түтіктік жүктілік кезінде операцияда мүшелерді сақтап қалуға мүмкіндік береді:
диагностикалық шаралар жүргізу (β-суббірлікм АХГ, УДЗ анықтау) 2 тәулік әйелдер консультациясында немесе емханада бақылану;
дер кезілік госпиталдаужәнестационарға жатқызылғаннан кейін лапароскопияны 24 сағаттан кешіктірмеу;
бөлімшеде тәулік бойына эндоскопиялық хирургияның болуы.
Қорытынды. Сонымен жедел гинекологиялық операциялар арасында ЖТЖ бойынша ота жасау бірінші орын алады, ол 50% құрайды. Әйелдің репродуктивті денсаулығын сақтау үшін, қазіргі кезде ЖТЖ ерте диагностика жүргізіп, мүше сақтайтын операциялар жасалуы қажет.
Әдебиеттер тізімі. 1. СейтжанованыңҚ.Ж. редакциясымен. Гинекология; — Оқулық/ Қ.Сейтжанова, Л.Калиева, Б.Малғаждарова. Жоғары медициналық оқу орындарының оқушыларына арналған оқулық.- Алматы: «Аширбаев» ЖК, 2012. – 426 б.
2 . Рақышев Алшынбай. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер (латын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). – Алматы: «Кітап» баспасы, 2011.
3. Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі (орысша-қазақша-ағылшынша). – Алматы: 2009.
4. Х. Нұржанов. Акушерия және гинекология бойынша орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Арыс баспасы, 2011. — 408 б.
5. Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии. Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК. – Алматы: 2010. — 172 с.
6 . Под редакцией акад. РАМН Серова В.Н.. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. 2-е издание. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. — 254 с.
7. Под общей редакцией проф. Курцера М.А. Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии. Диагностика и лечение. Редакторы: Пирлман М., Тинтиналли Дж., Дин П. Перевод с английского Медведевой П.И., Митрохина А.А. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. — 500 с.
8 .Под редакцией Серова В.Н., Сухих Г.Т. Акушерство и гинекология. Клинические рекомендации. 4-е издание. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. — 1024 с.
9. Под редакцией Радзинского В.Е., Фукса А.М.. Гинекология. Учебник. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. — 1000 с.