Инфекция көзі
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жұғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.
Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі. ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, бұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет. АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзінді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді. Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес. Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес. АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайда-анғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұкпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ. Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған. Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке үқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.
ЖИТС-тың таралу жолдары
Жыныстық жолмен таралады,оның ішінде гомо-,би- және гетеросексуалдық қатынас кезінде.Вируспен ластанған пісектер мен олардың инесі арқылы, әсіресе нашақорлар арасында.ЖИТС / АИТВ вирусын жұқтыруға адамның қаны мен сол қаннан жасалған препараттар арқылы.Вирус жұқтырған адамнан құрсақ ішіндегі ұрыққа немесе дүниеге келген нәрестеге жұғады.
ЖИТС белгілері өте көп және алуан түрлі.Иммунитеттің жетіспеушілігі ешқашанда белгі бермейді. Соңғы зерттеулерге сенсек, ауру адамға жұққан соң оның жасырын кезеңі басталады.Ол бірнеше айдан 6-7 жылға деін созылуы мүмкін. Осы кезең ішінде, яғни вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткен соң, науқас адам селқостық танытады, ыстығы көтеріліп, жұмысқа , өмірге көз қарасы нашарлайды. Себепсіз іші өтеді, қолтық,бұғана, тамақ бездері ісінеді. Денесіне себепсіз ұшықтар, теміреткілер шығуы мүмкін. Жасырын кезеңнің аяғында адам түрлі – түрлі ауруға шалдыға бастайды. Өкпе қабынуы,туберкулез, ұшық,аяққа теміреткі шығуы, саңырауқұлақ микробына туындайтын аурулар қатерлі ісіктер, оны ішінде Капоши саркомасы жиі кездеседі .АИТВ орталық ми жұмысына зақым тигізіп, ұмытшақтық, бұрын білетін кісілерді танымаушылық сияқты белгілер пайда болады.
Вирус табылған кезде бүгінге дейін ғалымдар осы ауруға қарсы вакцина жасаумен шұғылданып келеді, алайда бұндай жұмыстар әзірге нәтиже беген жоқ.Бүгінгі күні ауруға қарсы азидотимидин және гибровирин деген екі препарат қолданылып жүр. Бұл дәрілер сырқатты түбегейлі сауықтырып жібермегенмен вирустың көбеюі үдерісін уақытша болса да тежей алады.
АИТВ/ЖИТС медициналық қана емес , сонымен бірге әлеуметтік мәселе болып табылады . Сондықтан бұл аурумен бүкіл қоғам болып күресуміз керек. Дертке қарсы күрес тиімді болуы үшін, науқасты уақытында анықтау жұмысын кеңінен жүргізу қажет. Сол себепті «қауіп тобындағы» адамдарды тұрақты бақылауға алу жөн. Оларға нашақорлар, жезөкшелер, үй-күйі жоқ адамдар, гомосексуалистер жатады. Сонымен бірге бұл топқа жатпайтын адамдар да жыныстық өмірдегі тазалықты, жар төсегенде адалдықты сақтауы шарт. «Мен қауіп тобына жатпаймын.Менің бұл ауруды жұқтыруым мүмкін емес» деп кесіп айтудың қажеті жоқ, өйткені бүгінде бұл дерт шапшаң тарап, кез-келген адамға қаіп төндіріп отыр. бүкіл қоғам мүшелерінің ,әсіресе жастардың осы ауру туралы білімдерін жетілдіріп, оларға сабақтар , дәрістер маңызды.
Әдетте ЖИТС вирусы үшін адам ағзасының ішкі ортасы қажет. Ол жануарлардың организмінде өмір сүре алмайды . Сондықтан оны тек адам ғана тарата алады. Ол ауру адамнан сау адамға жұғады.
Вирус ауырған адамнан сыртқа шығып , сау адамның организміне түседі . Бұны медицинада «жұқпалы аурулардың таралу механизмі» деп атайды. Зақымдалған адам организмінде вирус қанның лимфоциті мен қан түіршіктері пайда болатын ағзаларда өсіп- өнеді. ЖИТС жыныстық жақындасу кезінде төсектестің жыныс мүшелерінің шырышты қабатындағы жарақатқа , яғни қанға не сарысуға түсіп жұғады. Ауру нашақорларда лас, ортақ пісек қолдану арқылы және сақтық шараларын қолданбай қан құйғанда да тарайды.
ЖИТС жөнінен Қазақстандағы ахуал да мәз емес. Бір ғана Ақтөбе облысында 2000-ға жуық адам осы кеселге шалдыққан. Оңтүстік Қазақстан , Қарағанды ,Алматы облыстарында бұл көрсеткіш екі есе. Мамандар бұның себебін ең алдымен нашақорлық пен жезөкшеліктің төңірегінен іздейді. Нашақорлыққа,тән сатуға тұсау салмайынша ЖИТС қарқынды дами бермек. Есірткі деген әзәзіл алдында әсіресе жастар дәрменсіз. Осыдан 10-15 жыл бұрын бұл ауру қазаққа мүлде жат болатын, қазір нашақорлықтың кесірінен талай отбасы бұзылып, талай жастарымыз қылмыс жолына түсіп , өмірмен де қоштасып жатыр.
ЖИТС тұрмыстық жолмен тарамайды.Ауру қоздырғышы қол алысқанда, сүйіскенде (әрине , егерауыз қуысында жарақаттар болмаса) , құшақтасқанда және көз жасы , сілекей арқылы, жөтеліп , түшкіргенде жұқпайды. Ол негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Аталмыш қатерлі аурудан қорғану үшін ең алдымен әлеуметтік , мемлекеттік және халықаралық шараларды іске асыру қажет . Екіншіден , жеке адамды қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілуі тиіс . Бұл екі шара да біздің елімізде үздіксіз жүргізіліп келеді, бірақ нәтиже аз. Соған қарамастан ЖИТС-ке қарсы күресті бір сәт те тоқтатуға болмайды. Ол үшін ауру адамның ЖИТС-ті басқа адамдарға тарату мүкіндігін шектеп , яғни аурудың жыныстық жолмен ,қан арқылы жұғуына жол бермеу керек.Одан соң профилактикалық шаралар жүйесін негізген жөн. Өйткені бұл дерт барлық елдердің өкіметі мен жұртшылығы алдында күрделі әлеуметтік мәселелер туындап отыр . ЖИТС-ке тұсау салатын арнайы заң қабылдау мәселесін ойластырған дұрыс болар еді .ЖИТС жұқтырған адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету бүгінгі күнің өзекті мәселелерінің бірі. Бұдан шығатын қорытынды әр саласы азамат өз денсаулығына өзі жауапты екендігін естен шығармаған дұрыс.
Өлімнің себептері. Аурулар көбінесе оппортунистік инфекциялардан немесе жалпы жайылған ісіктерден өледі. Өркениетті елдердегі науқастардың 50% – ы диагноз қойылғаннан соң, 18 айдан кейін өлсе, 80% – 36 айдан артық өмір сүрмейді. Өлім-жітімі 100%.
Қорытынды
Дүние жүзінде ЖИТС (Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромды) уақыт өткен сайын үдеп, бұл дертке шалдыққандар саны көбейе түсуде. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұымының мәліметтер бойынша, осы деректе душар болған адамдар саны 65 миллионға , ал одан өлгендер 25 млн-ға жеткен.ЖИТС организмнің қоғаныш жүйесі жасушыларын бұзатын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан туындайды. АҚШ ғалымдары ЖИТС туралы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, « Бұл ауру- адам заттың белгілі бір бағытта жүргізген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді. Ал Англияның вирусолог дәрігері Д.Сили: «ЖИТС – бактериологиялық қару жасалуымен айналысып жатқан зертханалардың бірінде жасалынған» деген батыл тұжырым айтқан. Бұл пікір ЖИТС африкалықтардан немесе маймылдардан шықты деген теорияларды жоққа шығарады. Қалай болғанда да жұртшылық бұл кеселден сақтанудың жолдарын қарастырып, оның алдын алу шараларын мүлтіксіз орындау тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. И.А Струков В.В. Серов Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т Айтқулов. Оқулық 5-бас, ГЭОТАР – Медия 2013ж
2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия:медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық -Ақтөбе.-Жалпы аурулар бөлімі.-2010. Қазақшаға аударған М.Т. Айтқұлов.
3. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. – Алматы -2007.
4. Интернет желісі. www.google.kz
5. Интернет желісі www.yandex.com
Достарыңызбен бөлісу: |