Қорытынды Қорытындылайтын болсам, жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Жүйе – бұл әрқайсысы тұтастың сипаттамасына өз үлесін қосатын, өзара байланысқан бөліктерден тұратын тұтастық. Жүйедегі бөлiктердi оның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын жүйешелер деп атайды.
Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді. Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, көздеген мақсатқа дəл көрсетілген уақытында жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.
2.Б.Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991ж
3. В.А.Каймин Компьютеры в учебном процессе. 1997г
4.Б.Кенжебеков. Маманның кәсіби құзыреттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, №3 2004ж