Эмбриональды кезең ұрықтандыру үрдісінен жүктіліктің 10-12 апта мерзіміне дейін жалғасады.Осы кезеңнің 1-ші аптасы жұмыртқа жасушаның бөлініп, оның кіші эмбрионға трансфармацияланып, жатырдың шырышты қабатына енуімен және алғашқы қан айналым жүйесінің дамуымен сипатталады.Ары қарай маңызды мүшемен жүйелердін түзілуі іштің, бастың, аяқ- қолдың формалары түзіледі.Осы кезеңнің соңында эмбрион балаға ұқсас ұрыққа айналады.
Фетальді кезеңжүктіліктің 3 айыннан бастап баланың туылуымен аяқталады.Бұл кезең ұрықтың тез өсумен, тіндердің дифференцияланумен, мүше және жүйелердің дамуы мен ұрықтың өмірін ана құрсағында қамтамасыз ететін жаңа жүйелердің дамумен сипатталады.Эмбрионның дамуының алғашқы сатылардың аяқталудан кейін амнионды сұйықтық пен 3 қабықшамен қоршалады:децидуальді, кірпікшелі және сулы.Децидуальді қабық аналық қабық болып табылады және жатырдың шырышты қабатынан пайда болады,кірпікшелі және сулы ұрықтық болып табылады.Кірпікшелі қабық немесе хорион трофобласт және мезобласттан дамиды.Кірпікшелерде бас кезінде қан тамырлар болмайды, бірақ 1 айдың соңғы кезінде аллантоистан қан тамырлар өседі.Бастапқы кезде кірпікшелер ұрықтық жұмыртқаны толық жабады.Жүктіліктің 2 айында ұрықтанған жасушаның жатырдың шырышты қабатына бекінген аймағында хорион кірпікшелері атрофияға ұшырайды.Хорион кірпікшелері жүктіліктің 3 айында бұл аймақта жоғалады және хорион тегістенеді.Хорионның қарама-қарсы жағында жатыр шырышына бекіну аймағында кірпікшелер өсіп тармақталады.Хорионның бұл бөлігі плацентаның ұрықтық бөліміне айналады.