Кіндік бау ұрықтың анамен байланыстыратын түзіліс, ұзындығы 40-60см, ені 1,5 см. Кіндік бау қан тамырлармен бірге өтетін аллантоистан түзіледі және сары қабшықтың қалдықтарынан құралады.Кіндік бау құрылысының негізгісі-қан тамырлар:2 артерия және 1 вена.Артерияда ұрықтан анаға өтетін веналық қан ағады,венамен анадан ұрыққа артериялық қан ағады.Қан тамырлар көп мөлшерде негізгі затпен құралған мезенхимамен қоршалады және де жиі орналасқан эмбрионалды жолдас тәрізді жасушалармен қоршалады.Қан тамырлар бойында нерв талшықтары және жасушалар орналасады.Сыртында кіндік бау амнионмен қоршалады.Кіндік бау плацентаға әдетте орталықта, жиі шеттерде кейде қабықшаларға бекиді. Барлық ұрықтық түзілістер-плацента, кіндік бау және қабықтар-ұрық туылысынан 10-15 минуттан кейін жатыр қабырғасынан алынатын плацентадан кейін пайда болатын ұрық жолдасын құрайды.
Жүкті әйелдердің ішкі құрылыстарында өзгерістер пайда болады. Жүктілік кезінде ауыр жұмыстар көп істемеу керек. Ол уақытта жүктілік өспей қалуы мүмкін. Соның салдарынан бірінші – жартылық жүктілікте қан қысымы төмендейді, екінші – жартысында жүктілікте жоғарлап кетуі мүмкіндігін туғызады. Жүктілік кезінде мұрын, ерін иегінде өзгерістер пайда болады. Олардың жүріс тұрысы және отырып тұруы қиындайды. Беттерінде дақтар пайда бола бастайды. Шекесінде,ернінде, ішінде ақ жолақтар пайда болады. Сонан соң аяқтарының төменгі жағында варикозды тамырлары шығып кетуі мүмкін. Жүкті әйелдерде сүт безінің дайындығы пайда бола бастайды. Емшек ұштары үлкейіп дақтар пайда болады. Жүктілік кезінде дененің салмағы өседі. Орта есеппен дене салмағы 10 -12 кг, оның 5 – 6кг ұрыққа ( ұрық, шарана, ұрық маңы суы), 1,5-2 кг жатыр мен сүт бездерінің ұлғаюына, ал 3 – 3,5 кг дене салмағының жоғарлауына тиісілі. Босану алдында 3- 4 күн бұрын жүкті әйелдерде зат алмасу үрдңстерінің ерекшеліктеріне байланысты дене салмағы 1,0-1,5 кг азаюы жүреді.
Фетоплаценталық жүйе- тек жүкті әйелдерде қызмет атқаратын, жаңа эндокринді жүйе болып табылады. Онда стероидты гормоныдар(эстрогенді қосылыстар,прогестерон), плацентарлы лактоген, хорионды гонадотропин, эмбриональды альфа-фетопротеин (АФП) өңдіріледі.
Иммунды жүйе. Иммундық бұзылыстардың әсерінен ерлер мен әйелдер арасында жүктілік бола алмайтын кезең болып кетеді.
Жүктілік кезеңінде әйелдерде қынып үлкейіп және созылады. Шырышты қабаты қызғыш – көк түсті бола бастайды. Ал дені сау әйелдерде қынап тазалығы I – II дәрежеде болады. Жатырдың көлемі жүктілік кезінде оның созылуы 50 – 100-1000-1200 ге дейін созылуы мүмкін, ал ұзындығы 6-8-ден 38-40см-ге дейін. Алдыңғы және арты өлшемі 2-3-тен 20-21-см дейін, көлденең өлшемі 3-4-тен және 25-26см-ге дейін ұлғаяды. Көлемі 500 есе 200см3 дейін өседі. Сонымен, жатырдың барлық қабаттарында, қан айналымы мен иннервациясында өзгерістер дамиды.
Жүктілік кезінде аналық бездердің көлемі өседі. Жатырдың ұлғаюына байланысты аналық бездер жоғары көтеріледі. Оның біреуінде сары денешік дамиды. Фолликулдардың пісіп- жетілуі тоқтайды.