Реферат Тақырыбы: «Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі»



бет1/2
Дата08.04.2023
өлшемі16,2 Kb.
#174018
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Гүлім Ерсайынқызы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы

Атырау жоғарғы медециналық колледж


Реферат


Тақырыбы: «Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі»
Тексерген: Фарида Жасталапқызы


Дайындаған: Гүлім Ерсайынқызы


Тобы: 4-топ, 1-курс.


Атырау 2023
Жоспары:



  • Кіріспе. Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.

  • ЖҚЖ ауруларының негізгі синдром, симптомдары.

  • Жүрек тұсының ауырсынуы бар бақылау мен күтімдеу.

  • Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.



Кіріспе

Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары әр топтағы халықтар арасында кеңінен таралған, осы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау мен күтімдеудің ерекшелігін білу мейірбикелер үшін қажетті. Бұл аурулар науқастың өмір сапасын көрнекті төмендетеді, ал олардың айрықша симптомдары (жүрек аймағының ауырсынуы, ентігу, жөтел, жүрек қағуы), басқа физикалық зақымдалулар, күшті стресс факторларымен анықталады, ол науқастардың жайсыз физикалық жағдайын тудырып, басқа аурулардың ағымын ауырлатуы мүмкін. Психикалық эмоционалдық стресс және физикалық жүктеме ЖҚЖ ауруларында ұзақ патогендік рөл ойнайтыны белгілі, сондықтан бөлімде жағымды психологиялық климат қалыптастыру, науқастың тыныш жағдайын қалыптастыру, олардың тез сауығуында негіз болып табылады.


Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.


Мейірбикелік үрдіс 5 басқыштан тұрады:





  1. Мейірбикелік зерттеу (әңгімелесу, сенімді байланыс орнату, негізгі шағымдары, объективті симптомдар)

  2. Басты мәселені белгілеу (мейірбикелік диагноз);

  3. Мейірбикелік қатысу жоспары;

  4. Жоспарды жүзеге асыру;

  5. Мейірбикелік жұмыстың өнімділігінің жалпы бағасы.

Жүрек қан тамыр жүйесі мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.

ЖҚЖ ауруларының диагностикасы мен дұрыс емдеу стратегиясын таңдау дәрігер барлық уақытта байқай алмайтын, науқаста әрдайым көріне бермейтін белгілі симптомдардың анықталуына байлаысты. Мұндай жағдайда мейірбикенің рөлі көрнекті жоғарылайды. Бұдан сырт ол науқасты зерттеуге қалай дайындау керектігін білу керек.


ЖҚЖ ауруларымен ауыраты науқастарда келесі мәселелер болуы мүмкін:



  • орынды тамақтану қағидасын білмеушілік.

  • үйлесімді тамақтану қағидасын білмеушілік.

  • диеталық тамақтану қағидасын білмеушілік.

  • өздігінен тамақ немесе сұйықтық қабылдай алмаушылық

  • нәжіс немесе зәрді ұстай алмай қалудан қорқушылық

  • зәр және нәжіс жинау аспабын қолдануға байланысты ыңғайсыздық

  • ойылу даму мүмкіндігі

Мейірбикелер өз жұмысын науқасты зерттеп, ЖҚЖ ауруларының симптомдарын анықтап, мейірбикелік диагноз қоюдан бастайды.


Мейірбикелердің диагностикалық үрдіске қатысуы олардың ЖҚЖ ауруларының негізгі диагностикалық әдістеріне байланысты білімінен пайда болады және дәрігердің көмекшісі ретінде жеке диагностикалық тапсырманы орындай білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет