Реферат Тақырыбы: «Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі»


ЖҚЖ ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдары



бет2/2
Дата08.04.2023
өлшемі16,2 Kb.
#174018
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Гүлім Ерсайынқызы

ЖҚЖ ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдары

ЖҚЖ мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.




Жүрек аймағының ауырсыну синдромы

орналасуы: төс сүйегінің артында;


пайда болу себебі: физикалық жүктеме, немесе стресс;
ұзақтығы: стенокардияда бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін созылады, ал МИ ұзаққа созылады;
сипаты: шаншып, күйдіріп, басып ауырады;
таралуы: сол жақ иыққа, мойынға кейде ішке таралдаы. Қолқа қабаты жыртылғанда қолқаны бойлап кеуде омыртқасына таралады;
баылуы: стенокардияда нитроглицерин бергеннен кейін немесе дем алғаннан кейін басылады, ал МИ тек ауру басатын дәрілерден кейін басылады.
Ентігу ауа жетіспеу сезімі, жүрек қызметі жетіспеушілігі кезінде, кіші қан айналым шеңберінде веналық іркілудің әсерінен пайда болады. Ентігудің анықталуына байланысты қан айналымы жеткіліксіздігі дәрежесін тұрақтандыруға болады.

Жөтел кіші қан айналым шеңберінде веналық қан іркілу болғанда пайда болады, көбіне құрғақ жөтел болады, кейде қанды қақырық кездеседі.


Жүрек қағу. Жүрек жирылуының күшеюі мен тездеуі. Жүйке аппаратының қозуының әсерінен пайда болады. Жүрек қағуы жүрек бұлшық етінің зақымдалуаның белгісі.


Бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу. Артериялық қан қысымы жоғарылаған науқастарда, миған оттегі жетіспеудің себебінен туындайды.




Объективті зерттеу

II кезең: Мейірбикелік диагнозын белгілеу.


Қазіргі физиологиялық диагноздан басқа қашанда потенцияльды диагнозы болу керек: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек тұсының шаншуы – стенокардия, МИ; ентігу – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің көрінісі.


Физиологиялық диагноздан басқа мейірбике науқаста рухани-психологиялық және қоғамдық мәселелердің бар жоқтығын анықтау керек (жолдастарының мәселесі) бейімделу мәселесі, аурумен байланысы (жүрек тұсы ауырсынуында – қорқыныш, қайталай дертінің қозуын тудыруы мүмкін), жұмысқа қабілеті төмендеумен, өлімнен қорқу …


Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек:


жүрек аймағының ауырсынуы


ентігу
жөтел
жүрек қағу
бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу.
Бұдан сырт рухани, психологиялық, қоғамдық мәселелерін анықтау керек.
Науқастың барлық мәселелерінің арасынан мейірбике науқаспен келісе отырып, алғашқы күтім жоспарын таңдауы керек.

III кезең – мейірбикелік қатысуды жоспарлау.


Мысалы. Алғашқы анықталған мәселе (диагноз) – стенокардияға байланысты науқас жүрек аймағының ауырсынуын бастан кешіреді. Мейірбике қысқамерзімді мақсат қояды: 15-20 минут ішінде науқастың жағдайын жеңілдету, жайлы жағдай жасау, тыныштықты қамтамасыз ету, нитроглицерин беру.


Ұзақмерзімдік мақсаты: Науқасты тұзы, майы шектелген диетаға отырғызу.


IV кезең – мейірбикелік қатысу жоспарын іске асыру.


Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек. (слайд 4,5,6).


Ойық жара ауруының мейірбикелік қатысуы төмендегідей болуы мүмкін:


5-6 рет тамақтану, сәйкесті диета тағайындау (1а, 1, жеке);


Белгіленген тамақтану тәртібін қатаң сақтау. Физиологиялық қызметін бақылау;
Дәрігердің тағайындауы бойынша ауру басатын дәріні дайындау;
Науқасқа психотерапевтикалық қолдау көрсету;
Туысқандарымен қарым-қатынас орнатыпн оларды науқасты күтімдеуге қатыстыру;
Науқасқа өзін бақылау дағдысын үйрету.
V кезең – мейірбикелік қатысудың өнімділігін бағалау.

ЖҚЖ мүшелерінің ауруларында: жүрек аймағының ауырсыну сезімінің, ентігудің басылуы, белгілі физикалық жүктемеге төзе алатындай болу. т.д. Мейірбике ЖҚЖ ауруларының асқынуы, диеталық сұрақтар туралы науқастармен сұхбаттасу.




Әдебиет:
Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оку құралы / Айтбембет, Бегалы Нурманулы. - Алматы : Кітап, 2005. - 568 с
Пропедевтика внутренних болезней : учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. - [б. м.], 2009. - 210 с
Терапиядағы мейірбике ісі – Астана «Фолиант», 2007

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет