Реферат Тақырыбы: «Кеңес қоғамының қалыптасуы



бет6/6
Дата11.07.2020
өлшемі60,31 Kb.
#75104
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЕҢЕС РЕФ — копия

ҚОРЫТЫНДЫ
Тарихтан белгілі болғанындай, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 1991 ж. болған мемлекет. Қазан төңкерісіне дейін Ресейді «халықтар түрмесі» деп, олардың бостандығын жақтаған В.Ленин, И.Сталин жəне тағы басқа большевиктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін, «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918–1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен, Украинадағы, Қазақстандағы жəне Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап, қуғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.

“Әскери коммунизм” саясаты. Кеңес үкіметінің 1918 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты “әскери коммунизм” деп аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі болды. Аталған саясаттың алғышарттары өндірісті мемлекет қарамағына өткізу және бір орталықтан басқаратын мемлекеттік аппаратқа, азық-түлікке бақылау орнатумен қатар, ауылдарды әскери-саяси қысымға алу тәжірибесімен анықталды.

“Елді жеделдету” саясаты бесжылдық жоспарды бекіткеннен соң бір аптадан кейін-ақ металлургия, машина жасау және химия сияқты жетекші салаларда “нашар болсада көп болғаны жақсы” қағидасымен маңызды тапсырмаларды қайта қарауды жүзеге асырудан байқалды. Сондықтан көрсеткіштерге ұмтылыс қорларды талан-таразға салуға олардың ыдырауына, жұмысты кездей соқ қауырт істеуге алып келді, жоспарын кезкелген жолмен сапалық көрсеткіштерге зиян келтіре отырып орындау елдің қаржылай жағдайына кері әсер етті.

Қорыта айтар болсақ , КСРО құрылғаннан кейін кеңес үкіметі ұлттық республикаларда көптеген саяси, экономикалық және мәдени шараларды іске асыруға кірісті. Республикалардағы басқару аппаратына жергілікті халықтардың өкілдері кіргізіле бастады. Бірақ оларға көбінесе сенімсіздікпен қа­раған Коммунистік партия ұлттық аймақтардың басшылығына өзі­нің өкілдерін жіберіп тұрды. Сөйтіп, Одақтық басқару жүйесінің ерекше билігі бюрократиялық орталықтандыру процессінің күшеюіне әкеп соқты.




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Б.К.Адамбек , Қарағанды университетiнiң хабаршысы// 2013

  2. Егемен Қазақстан // 2012. — Желтоқсан, 1, б.

  3. К. Аманжолов: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

  4. e-history.kz/

  5. Қазақ ССР тарихы, 2 том





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет