Реферат Тақырыбы: «Кеңес қоғамының қалыптасуы


ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ



бет5/6
Дата11.07.2020
өлшемі60,31 Kb.
#75104
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЕҢЕС РЕФ — копия

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

2.1 “Әскери коммунизмнен” жаңа экономикалық саясатқа ауысу.


“Әскери коммунизм” кезеңіндегі тауар-ақша қатынастарын толықтай жоққа шығарумен экономикалық саясат жылдарындағы нарықтық өзгерістерге ерекше көңіл бөлу керек. Қазан революциясынан кейін көп кешікпей-ақ “Кеңес өкіметінің кезекті міндеттері” еңбегінде В.И.Ленин ауылда жаңа қоғамдық құрылымды қалыптастырудың жоспарын жасады. Басты міндет ретінде қала мен ауыл арасындағы қарама-қайшылықтарда, ұқсамаушылықтарды ауылдың шаруашылық және мәдени артта қалушылығының бір негізі ретінде жою қарастырылды.

Сол уақытта Ленин, социалистік мемлекеттен тікелей социализмге өтуді жүзеге асыра отырып, “тек өндіруші тұтыну коммуналар жүйесі тұтас тұтынушы - өндіруші кооператив ретінде пайда бола алады” - деп санаған. Теория жүзінде Ленин сол уақытта-ақ социализмге өтудің әр түрлі жолдарының мүмкіндігі жөнінде айтқан. Бірақ олардың анық тұжырымы әлі жасалмады, сол себепті тек жалпылай тәжірибе кейінгі мәліметтерді анықтады. Сондықтан да партия бағдарламасын бағалауға, әсіресе кейбір жұмысшылардың тұтыну кітапшаларындағы міндетті жазбалар немесе үй шаруашылығын отбасылардың үлкен топтарының “азықтандыруымен” алмастыру сияқты Бухарин тарихи тұрғыдан қарауға шақырды. Партиялық теориялар мемлекеттік өндіріс пен бөлуді қалыптастыру арқылы социалистік құрылысқа тікелей өту туралы маркстік жорамалға негізделеді.

“Әскери коммунизм”, пролетарлық революцияның жеңісінен кейін құн заңының күші, тауар-ақша қатынастары мен нарық жойылады және оның орнына тікелей азық-түлік айырбасы орнайды деген ескі түсініктерді білдіреді. Революциямен азамат соғысы жағдайында тәрбие алған көптеген коммунистерге қатаң орталықтандыру, жаппай қоғамдастыру, әскери бұйрық жүйесі социализмге апаратын жолды қысқартатындай болып көрінді. Әскери коммунизм саясатын құрамдас элементтері - барлық өндіріспен жабдықтауға жоғарыдан мемлекеттік үстемдік ету (монополия), тұтыну коммуналары, тегін бөліп тарату, сауда мен нарыққа тиым салу, ақша айналымын тоқтатуы, теңгермешілік болды. Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру, шаруа қожалықтарынан алынатын өнімдер мөлшерін шектеу, еркін саудаға рұқсат беру, кооперативтік қозғалыс пен аренданың кеңінен дамуы, қала мен ауыл эквиваленті (тепе-тең) айырбас қалыптастыру, тұрмыс-жағдайын көтеруін қажетті шарты ретінде ауыл шаруашылығын бірінші кезекті қалпына келтіру мен дамыту осының бәрі жаңа экономикалық саясат түсінігіне біріктіріліп, шаруаның өз тағдырының қожасы ретінде қалыптасуы мен өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруына жағдайлар жасады.

20-жылдардың 2-ші жартысында жаңа экономикалық саясат елдегі тұтастай халық шаруашылығын күрделі жағдайында туындаған бір қатар қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарға тап болды. Жаңа экономикалық саясатты тоқтатудың себептерін бүгінде қалай түсіндірген жағдайда да бір нәрсе анық, ол ауылдың дамуы елдегі материалдық-техникалық негіздің нашарлығы мен артта қалушылығына барып тіреледі, осы жағдай индустрияландыруға бағыт алуға себепші болды. Жаңа экономикалық саясат дағдарысы кеңестік ауылдың одан арғы дамуының жолдары мен варианттарын іздестіруді ынталандырды.

Жаңа экономикалық саясатқа бағытталу дербес шаруашылық жүргізушілерді артықшылықтарынан айыруды білдіретін тікелей конфискелеуді де болдырмайды “жаңа экономикалық саясат бағытының” жақтастары, жетекшілері - Н.Бухарин, Н.Рыков пен М.Томский бұл тұрғыда экономикалық және құқықтық реттеу механизмдері барынша әсерлі бола алады деп санады. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдар тәжірибесі мұндай мүмкіндікті дәлелдеді.

Л.Д.Троцкийді кейбірулер көпшіл ресейлік шаруаларды жауы деп көрсетсе, ал кейбірулері оны ұйымдастырудың авторы деп санады. Қоғамдық санада Троцкий мен 20-жылдардағы “солшыл” қарсы топ “оппозиция” өкілдерінің шаруаларға қатысты көзқарастары жөнінде сталиндік еліктемелер (стереотип) тереңінен тамыр жайды. И.В.Сталиннің айыптауларынан кейін “оңшыл бағытқа” ашу-ызамен төңдірілген дәлелдеріне тоқталайық: біріншіден, асыра индустрияландыру, оны шаруалардың негізгі бөлігіне зиян келтіре отырып және солардың есебінен жүзеге асыруға ұмтылу. “Индустрия шаруалардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайын үздіксіз арттыру негізінде дамытылуы қажет, ал елді тұтастай индустрияландыру тек егерде ол біздің индустриямыз үшін негізгі нарық ретінде болатын шаруалардың көпшілігінің материалдық жағдайының біртіндеп жақсаруына негізделетін болса ғана жүргізілуі мүмкін”.

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні – елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі – партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі – шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде НЭП-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар- ақша катынастарын калпына келтіруді талап етті.

Жаңа экономикалық саясаттың табыстары мен тарихи сабақтары. Жаңа экономикалық саясат: саяси-идеологиялық салада – катаң бірпартиялық тәртіп, басқаша ойлау мен басқаша іс-әрекеттің қандайын болса да басып-жаныштауды; экономикалық салада – шаруашылықтың әкімшіл-рыноқтық жүйесін орнатуды білдірді. НЭП-тің енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұксат етіліп, ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» кезінде еңгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді [5].

Жаңа экономикалық саясат – халық шаруашылығына әкімшіл- әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты. 1921 жылы көктемде БОАК жергілікті тауар айырбасына, жеке саудага, жеке меншік кәсіпорындар кұруға рұқсат беру жөніндегі декреттер қабылдады. Нарықтық катьшастарға көшу ақша айналысьш ретке келтіру жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойды. 1921 жылы жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі мен карточкалық жүйе жойылды. 1922- 1924 жылдар аралығында бір мезгілде ескі және жаңа ақша белгілерінің қатар қолданылуына рұқсат етілген ақша реформасы жүргізілді. Рыноктың қалпына келтірілуі шаруашылық жүргізудің әкімшілдік әдістерінен бас тартып, экономикалық, материалдық қызығушылық тудыратын әдістерге көшуді талап етті.

Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртутас қамтыган жүйе болып қалыптасып ірлгермеді. Ол ауыл шаруашылығының соғыс пен революциядан кейінгі өлсіреуі мен үкіметтің НЭП жылдарындағы ішкі саясатта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты толық жүзеге аспады. Алайда осы кездің өзінде үкіметтің нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жаңдандырып, жалпы шаруашылыктың өркендеуін қамтамасыз ете алатын қабілеті айқын керінді. Жаңа экономикалық саясат тарихка Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысынан кейінгі мәдени, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық жандану кезеңі ретінде енді.

Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген елеулі қателіктерімен түсіндіруге болады. Осындай жете түсінбеушіліктің нәтижесінде жеке меншік капиталға қарсы мерзімінен бұрын шабуыл науқаны басталды. Оның нөтижесі – деревнядағы шаруалар мен каладағы жұмысшылар наразылығымен қатар жүрген рынок айналымы берекесінің кетуі болды. 20-жылдардың соңында жаңа экономикалық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. Осының бәрі Ленин есімімен іске асырылса да, іс жүзінде партия мен бүкіл елдің тарихында келесі кезең басталды. 20-жылдардың соңында партиялық (мемлекеттік) басшылықтың күрамы түбірімен өзгеріп, Сталин мен оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта жаңа экономикалық саясаттың соңғы сөті туды.

Сталиннің төңерегіндегілердің белсенділігімен «әскери коммунизм» жылдары қалыптасқан басшылықтың өміршіл-өкімшілдік тәсілдері, әсіресе өнеркәсіпте, тіпті нарықтық қатынастардың неғұрлым еркіндік алған жылдарында (1925-1927) да толық жойылған жоқ. Жаңа экономикалық саясат бүкіл шаруашылық пен басқару жүйесін толығынан қайта құру, біртұтас өрі барлық саланы қамтыған жүйені қалыптастыру мақсатын көздеп, өте қысқа мерзім ішінде әрекет етті. Ол іс жүзінде елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты. Алайда ол өзінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады,мемлекеттің экономикалық монополиясын, бизнес саласындағы бюрократия мен асыра сілтеушілікті, қатал бәсекелестікті, таптық күрес пен барынша идеологияландырылған түсінікті бағындыра алатын төсіл, еркін шаруашылық жүргізу тәсілін қалыптастыра алмады. 5. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың мөні. Кеңестердің Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткері аймактарға көрсеткен қолдауының маңызды мәні жөнінде көп айтылса да, жаңа режим Кеңес өкіметінің Мәскеу мен Ресейдің негізгі астыкты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері бөліктері ретінде қарастырылып, орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде көрсетілді. Сәтсіздіктердің себептері шаруаларды жермен, тұқыммен, керекті кұрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол кез ушін ең қажетті нәрсе – олардың мал шаруашылығымен айналысуға, дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. 1925 жылға дейін халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде каңырап калған еді. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. 1925 жылы егін егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы өніммен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп, көшпелі мал шаруашылығы біртіндеп қалпына келе бастады. Қазақстандағы өнеркәсіптің калпына келтірілуі шикізат пен отынның, маманданған жұмысшы қолының жетіспеушілігі, айналыстағы қаржының аса тапшылығы жағдайларында басталды. Алайда экономиканы қалпына келтіру үрдісі айқын байқалды. 1925 жылдың соңына таман өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Өнеркәсіп орындарының 60%-ынан астамы іске қосылды. Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Экономикадағы жағдайдың жолға қойылып келе жатқанына темір жолдардың тоқтаусыз жұмыс істей бастағаны дәлел болды. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынған Петропавл–Көкшетау, Славгород–Павлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдалануға берілді. Ертіс, Сырдария, Жайық өзендеріндегі өзен көлігінің жұмысы қалпына келтіріліп, жандана түсті. Осылайша республиканың халық шаруашылығында белгі берген серпіліс дағдарыстан шығудың, экономиканың оңды даму процесінің басталғанына дәлел болды [4].

2.2 КСРО индустрияландыру: мәні мен нәтижелері


Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті. Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды.

ГОЭРЛО жоспары бойынша халық шаруашылығын қалпына келтіру ғана емес, сондай-ақ сол уақыттағы алдыңғы қатарлы техниканы қалыптастыру қажеттігі атап көрсетілді. Жаңа экономикалық саясат жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай қадам жасалды. 20-жылдардың орта шеніне қарай ел экономикасын қалпына келтіру аяқталып, бірінші кезектегі міндет жұмыс істеп жатқан зауыт, шахта, мұнай кәсіпшіліктерін қайта жарақтандыру ғана емес, сондай-ақ жаңа кәсіпорындар құрлысын бастау болды. Қалпына келтіру кезеңінің соңына қарай ел бұрынғыша айтарлықтай аграрлық, шаруашылық болып қала берді. Елдің техникалық экономикалық жағынан ең алдымен өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының артта қалушылығы, қол еңбегінің толықтай үстемдік етуі - жаңа, барынша жоғары техника негізінде қайта құру қажеттілігін білдірді, ал оның маңызды бөлігі - елді социалистік индустриянандыру еді. Ең алдымен барлық өзге шаруашылық салаларының негізі ретінде ауыр машина жасау индустриясын дамыту қажет болды. Нақ машина жасау жеңіл өнеркәсібінің шапшаң дамуы мен ауыл шаруашылығын қайта құруды қамтамасыз етіп, еңбекшілердің материалдық әлауқаты мен мәдени деңгейін көтеру тиіс еді. Бірінші бесжылдық жылдарында елдің орталық аудандарының дамуымен қатар, ұлттың алыстағы елді мекендерде де өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай көңіл бөлінді.

Капиталистік емес даму жолының яғни "социализмге қысқартылған, төте жол” жобасы, капиталистік даму сатысынан өтпеген халықтар үшін, өз алдына бұрыннан артта қалған халықтардың мемлекеттік, мәдени және экономикалық тұрғыдан біршама елдерде қуып жетуіне, яғни солардың қатарына қосылуына көмектесу міндетін қойған ұлттық саясатта көрініс тапты. Осы міндеттерді орындаудың негізгі жолы - социалистік индустрияландыру болды. Тек соның негізінде ғана шаруашылық құрылысының тездетілген қарқынына қол жеткізіп, ұлттық аудандардың өте зор экономикалық және мәдени артта қалушылығын жоюға, ол жерлерде сол кезеңге сай кәсіпорындар ашып, қалалар салуға, жұмысшы табы мен техника жағынан зиялылардың ұлттық тобын қалыптастыруды тездетуге мүмкіндік болатын еді.

Бұл жылдарда индустрияландырудың басты мақсаты тұжырымдалды, ол КСРО-ны сырттан машиналар мен жабдықтар алып тұтынатын елден, капиталистік ортаның қоршаған жағдайында экономикалық жағынан өз алдына дербес мемлекет болуы үшін, оларды өндіретін елге айналдыру болды. Оның ішкі көздері: шикізатты, материалдарды, жанар - жағар майларды үнемдеу есебінен, кәсіпорындар мен көлік құралдарының пайдасынан және сыртқы сауда, банктер есебінен қарастырылды. Өдірістің барлық салаларында өте қатаң үнемдеу мен халық қорларын (ішкі заям, баға саясаты, салық жүйесі) жұмылдыру есебінен жүзеге асырылды. Күрделі қаржы жалпы көлемінің 90% - тен астамы ауыр өнеркәсіпті дамытуға және тек қана 10%-і ауыл шаруашылығының, сондай - ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптері салаларының дамуына жұмсалды, ал бұл олардың бұдан былайғы дамуына кері әсерін тигізді.

“Елді жеделдету” саясаты бесжылдық жоспарды бекіткеннен соң бір аптадан кейін-ақ металлургия, машина жасау және химия сияқты жетекші салаларда “нашар болсада көп болғаны жақсы” қағидасымен маңызды тапсырмаларды қайта қарауды жүзеге асырудан байқалды. Сондықтан көрсеткіштерге ұмтылыс қорларды талан-таразға салуға олардың ыдырауына, жұмысты кездей соқ қауырт істеуге алып келді, жоспарын кезкелген жолмен сапалық көрсеткіштерге зиян келтіре отырып орындау елдің қаржылай жағдайына кері әсер етті.

Негізгі күш пен қорларды басты бөлімше - ауыр өнеркәсіптің дамуына шектен тыс шоғырландыру – “Б” тобындағы салалар мен көліктегі оның да қиын жағдайда шиеленістерді, ал ол “ең алдымен станок, көмір, мұнай, ал содан соң тұрғын үй, мектеп және басқалары” - деген қағидасы бойынша жүргізілген әрекетімен әлеуметтік саясатқа, еңбекшілердің жағдайына айтарлықтай әсер етті.

Бірақ сонда да индустрияландырудың қағидалы түрде маңызды нәтижесіне - техникалық-экономикалық артта қалушылықты жою мен экономикалық тәуелсізділікке қол жеткізгендігін назардан тыс қалдыруға болмайды. Еліміз ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларын, мақтаны сырттан әкетуді тоқтатты, сауда балансының кіріс бөлігі артып, пайдаға жетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы бойынша КСРО әлемнің дамыған елдер деңгейіне көтерілді, өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан тек АҚШ -қа ғана жол беріп Англия, Германия, Францияны басып озды.

Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті.

Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды [5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет