Орындаған: Нұрсадық Сағыныш
Тексерген: Ақжан Тастанбекова
Класс түсінігі. Класс (Class) ортақ қасиетттері (атрибуттары), тәртібі (функциялары), семантикасы және басқа объектермен байланысы бар объектер тобын анықтайды. Класстың объектіні құруға арналған шаблон ретінде қарауға болады. Әрбір объект қандайда бір ғана кластың нұсқасы мысал ретінде келесідей сипаттамалары бар ‘курсты ұсыну’ класс анықтамасын қарастырайық :
Атрибуттар – «сабақты өткізетін орын», «сабақты өткізетін уақыт», «курстың аталуы», «курс нөмірі», «ұсыныс нөмірі»;
Функциялары – «сабақты өткізетін орынды анықтау», « сабақты өткізетін уақытты анықтау», «студентті тіркеу», «студентті тіркеуді тоқтату».
«Курстық ұсыну» класының нұсқасының орнына ‘алгебра 101, 1- бөлім’ және ‘алгебра 101 , 2- бөлім’ объектілерінде алуға болатын еді, себебі олардың да әр қайсысының нақты атрибуттурының жиынтығы және ортақ функционалдық сипаттамалары бар.
Дұрыс құрылған класс тек бір ғана абстракцияны бере алады. Мысалы, студент туралы мәлімет сақталған , сонымен қатар барлық оқу барлығында студент өткен курстар тізімі функциясы көрсетілген класты сәтті құрылған деп айта алмаймыз, өйткені ол екі әртүрлі операциялар тобын қамтиды. Сондықтан мұндай класты екіге – «студент» және «студент өткен курстар» бөлсе жақсы болар еді.
Класстың атауы үшін пән облысына сәйкестендіріліп қабылданған терминдерді қолданған дұрыс. Класс аты ретінде жобаланатын түсінікті толығымен сипаттай алатын зат есіміңіз жекеше түрі қолданылады. Кейде қысқартылған атауларда қолданылып, класты құжаттандырғанда міндетті түрде мағынасын ашып көрсету керек. Егер аббревиатура бірдей мағыналы емес интерпретация жіберсе, онда сәйкесінше айтылудың толық түрін қолданамыз. Объектілер мен кластар арасындағы ерекшелікті табу қиын.
UML–да класс зоналарға бөлінген тіктөртбұрыш түрінде кескінделеді. Жоғары зонада класс аты , ортасында оның құрылымы (атрибуттар тізімі ) оның астындағысында тәртібі сипаттамаларын анықтайтын функциялар беріледі.
Класты қалай құрады
1. Browser терезесінің Logіcol Vіew элементіне тышқан сілтеушіні қойып, конткстік менюді белсенді ету үшін оң батырмасын шертеміз.
2. менюді New--- Class элементтерін таңдау; Browser терезесінде кескінделген ағаш (бұтақ)жаңа класқа сәйкес келетінNew- Class элементімен толықтырылады.
3. New-Class элементін таңдап және кластың қажет атауын енгізіп оны өзгертеміз.