Класстардың көрсетілуінің графикалық моделі. Класстар типі және жобадағы олардың көрсетілуі. Сущнос - класстары, басқарушы класстар, интерфейстік класстар. Графикалық көрсетілімі. Әртүрлі нотациялар және олардың аспаптарда қолданылуы.
Rational Rose (RR) аспаптары және әдістемесі. Логикалық жобалау автоматизациясының – артықшылықтары мен кемшіділктері. RR құрылымдық құрамы. Компоненттік жүйелер және олардың керектігі мен программаларды өңдеудегі қолданылуы. Класстар шаблоны және олардың қолданылуы.Классдың тілдік көрсетілімі. RR класстар кітапханасы. CASE жүйелер.
"CASE – құралдарына байланысты ақпараттар біздің ойымызша кәдімгі бір программалаумен тығыз байланысты зат сияқты. Америкада, конкуренцияның күшті болуына байлансыты, CASE – құралдар программалық қамтаманы өңдеуші фирмаларды басып отыру үшін қолданылады. CASE – құралдардың дамуы обьектілі – бағытталған ПҚ өндеу технологияларына байланысты. Осы кезде обьектілік моделдеу технологиялары да пайда бола бастады Booch, OMT, UML, олар өз алдына программалаумен байланыстыруға мүлдем келмейді. Бүгінде алдынғы қатардағы CASE-жүйе болып Rational Rose корпорациясымен шығарылған Rational Software алынады. Rational Rose жүйесі Unified Modeling Language (UML) тілін қолдана отырып модулдер құру үшін пайдаланылады. Айталық, UML обьектілі – бағытталған стандартты тілі болып қалыптасуы Rational Software – нің арқасында деп айтсақ та артық емес, ол UML-ді қолданатын программалық өнімдерді шығарып қана қоймай, сонымен қатар UML тілінің спецификациясын құратын және жаңартатын CORBA таратылған есептеулермен байланысты технологиялар Object Management Group (OMG) –пен де жұмыс жасайды, және Rational компаниясында үш, UML тілін және обьектілі – бағытталған өңдеуді құрушылар жұмыс жасайды. Бұлар Гради Буч, Айвар Джекобсон және Джим Рамбаух.
Rational Software Rational Rose 98 компаниясының CASE-жүйелері коммерциялық ПҚ құру үшін барлық жерлерде және әйгілі программалау тілдер Java, Cu++, Смолток, Ада, Visual Basic, Power Builder жәнен Forte қолданылады. Сонымен қатар, Rose 98 пакеті CORBA и Data Definition Language (DDL) қосымшалары үшін, Interface Definition Language (IDL) тілдеріндегі сипаттамаларды генерациялауға, деректер базасына қатынау қосымшалары соның ішінде Оracle 8-ге қатынгауға мүмкіндік береді. Айталық, соль немесе басқа программалау тілін қолдауы Rational Rose 98 пакетінің қай редакциясы екендігіне байланысты.
Мысалы, қарапайым - Rose 98 Modeler Edition пакетіне қатты талаптар қоюға болмайды. Ал оның орнына Rose 98 Enterprise Edition барлық талаптарға сай деп айтсақ болады
Айталық, Rose жүйесі - визуальды моделдеу жүйесінде жақсы орын алады, оны қолдана отырып құрылып отырған қосымшаның құрылымын құруға, оның орындамалық текстін генерациялауға және паралелді өңделіп отырған жүйенің құжаттаымен жұмыс жасауға болады. Rational Rose көмегімен com модулдегі кері талдау базасы негізінде жаңа моделдер құруға немесе қолданбалы программа текстін және кітапханалар класстарын анықтауға болады.
Rational Rose 98-дің артықшылықтары:
1. Қосымшаның өңделу циклын қысқарту.
2. Программист жұмысының өнімділігін арттыру.
3. Бизнес және пайдаланушыларға байланысты тапсырыс берушілердің программа құрудағы сапалық бағасын жақсарту.
4. Үлкен жобалар және жобалар тобын құруа алу мүмкіндіктері.
5. Бұрын құрылған ПҚ қолдана алу және олардың құрылымы мен компоненттерін өзгерте алу мүмкіндіктері.
6. UML тілі әртүрлі бөлімдер мен өндірушілер арасындағы әмбебеп "көпір".
Жүйенің кемшілігі, басқа да бөліктеп жинау жүйелері сияқты мұнда да көп керек емес бөліктер көп. Яғни Rational Rose жобаның базалық құрамдас бөлігін жасайды.
Coad аспаптары және әдістемесі. Программалық жүйе жобаларын өңдеу мысалы және әдістемесі. Тиімді обьектілік моделдер құрудың практикалық құралдары - стратегиялары және бейнелері. Стратегиялар: әрекеттер және компоненттер; жүйенің мінездемелік қасиеттерін және мақсаттарын анықтау; объектілерді таңдау; міндеттерін анықтау; сценарии көмегімен динамикасын өңдеу; жаңа стратегияларды және бейнелерді табу. Бейнелер:фундаментальды; транзакция; агрегаттар; жоспарлар; байланыстар.