Реферат
Тақырыбы: Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Орындады: Байдоллаев А.У ОПДЭТ-11
Көкшетау қ, 2021жыл
Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Жоспар:
1. Компьютерлік жүйелерге шолу;
2. Компьютерлік жүйелердің эволюциясы;
3. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы;
4. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері.
Компьютер – ол деректерді құруды, сақтауды және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал.
«Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.
ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:
1. ЭЕМ жадының құрылысы,
2. Жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы,
3. Компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі,
4. Командалар жүйесі,
5. Деректер форматы,
6. Интерфейсті ұйымдастыру.
Сонымен, архитектура – ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |