Реферат Тақырыбы: Льеонтев моделі


Салааралық баланыс моделі



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі169 Kb.
#97692
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Леонтьев моделі

Салааралық баланыс моделі

Салааралық баланстың математикалық моделін американ экономисті В.Леонтьев жасап шығарған. Кейін ол әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде АҚШ пен КСРО-да кеңінен қолданған.


Экономикалық өсім мен даму мәселелерін зерттеу мақсатында Леонтьев түпкілікті сұраныс тізіміне капиталға қажеттілік көрсеткіштерін қосу арқылы кезіндегі статикалық «шығындар-шығару» модель анализінің динамикалық нұсқасын әзірледі. Құрама штаттардың сауда министрлігі шахматтық баланстарды кейбір американ қалалары үшін әр бесжылдық ішінде жасап отырған. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Әлемдік Банк және Советтер Кеңесінің Үкіметі экономикалық жоспарлау мен үкіметтің бюджеттік саясаты мен экономикалық жоспарлау саласында «шығындар-шығару» әдісі маңызды құрал ретінде қолданылды. «Шығындар-шығару» экономикалық моделін қолданудағы табысқа жетуінің басты себебі - халықаралық сауда, монополия теориясы, эконометрика сияқты ғылымдарды зерттеген кең салалы экономистің болуы.
Леонтьев 1973 ж. «Шығындар-шығару әдісін дамыту мен оның маңызды экономикалық мәселелерге қолдануына байланысты» экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері болды. Экономикалық белсенділіктің қоршаған ортаға әсерін зерттеу мақсатында әлемдік экологияға қатысты қарапайым «шығындар-шығару» моделін құрған, онда қоршаған ортаны ластау дербес сектор ретінде көрсетілген
Экономикадағы салааралық баланс – бұл экономикалық жүйенің әртүрлі секторлары арасындағы байланыстарды анықтау анализінің әдісі.
Белгілі бір экономикалық жүйені белгілі тауарлар мен қызметтерді өндіруші бірнеше салаға бөлеміз деп тұжырымдайық. Бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру кезінде әр сала басқа салалармен қатар, өзінің ресурстарын тұтынады. Яғни әр сала салааралық байланыстар экономикасында бір уақытта өндіруші және тұтынушы болады.
Баланстық анализдің мақсаты – экономикалық жүйенің оның өніміндегі барлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әр сала қанша өнім өндіру керектігін білу.
Салаарлық байланыстардың ашық жүйесін қарастырамыз. Ондағы өндірілген барлық өнім (жалпы өнім) екі бөлікке бөлінеді: өнімнің бір бөлігі (аралық өнім) өндіруші салалардағы тұтынуға жұмсалады, ал басқа бөлігі (түпкілікті өнім) материалды өндіріс саласынан тыс түпкілікті сұраныс секторында тұтынылады. Сонымен қатар түпкілікті сұраныс секторындағы тұтыну өзгеруі мүмкін.
- j секторы өнімінің бір бірлігін өндіру кезінде шығындалатын i секторының өнім көлемі (тікелей шығындар коэффициенттері);
Салаарлық баланс - әр өндіруші сектор шығару көлемінің өндірістік секторлар мен түпкілікті сұраныс секторы тұтынатын өнімнің сомалық
көлеміне тең болуы керек

Соңғы теңдіктер өндіріс технологиясы мен экономикалық байланыстар құрылымын сипаттайды. Олар өндіруші секторлар қажеттіліктерін қамтамасыз етілгеннен кейін қалған өндірілген өнім бөлігі түпкілікті тұтыну секторына түседі. Егер шығару векторын Х, сұраныс векторын (түпкілікті өнім векторын) – У, ал элементтері тікелей шығындар коэффициенттері aij болатын құрылымдық матрицаны А арқылы белгілейтін болсақ, баланс қатынасы матрицалық түрде келесідей болады:



мұндағы Е- бірлік матрица .
Салааралық баланстың негізгі мақсаты – экономикалық жүйенің балансы жағдайындағы берілген құрылымдық А матрицасымен У берілген сұранысты қамтамасыз ету үшін Х жалпы шығарылым көлемін анықтау.
Егер матрица қайтарымды болса, онда бұл есептің шешімі келесідей болады:
(24)
матрицасы толық шығындар матрицасы деп аталады.
Көп салалы экономиканың статистикалық сызықтық моделін қарастырайық. Модельдің негізінде келесі тұжырымдар жатады:
- экономикалық жүйеде n өнімдер өндіріледі, сатылады, сатып алынады, тұтынылады және инвестицияланады;
- әрбір сала «таза» болып келеді, сондай-ақ тек бір өнім өндіреді, әртүрлі өнімдерді бірігіп өндіру болмайды. Әртүрлі сала әртүрлі өнімдер өндіріп шығарады;
- әр саланың өндірістік процесі ретінде кейбір (мүмкін барлық) өнім түрлерінің нақты бір өнімге айналуы болып табылады. Шығарылған және жұмсалған өнім қатынасы тұрақты деп болжамданды. Сонда, егер j-өнім бірлігін өндіру өндіру үшін i-ші өнімнің aij бірлігін жұмсау керек болса, онда j-өнімнің λ бірлігін шығару дегеніміз i-өнімнің λaij бірлігін қажет етеді деген сөз.
Xi жылда i-өнімнің жалпы шығарылымы 2 бөлікке бөлінеді: барлық салада өндірістік тұтынуға және соңғы тұтынуға (өндірістік емес).
Алдыңғы айтылған үш тұжырымда барлық салаларда i-өнімді өндірістік тұтыну ∑aijxj тең, сондықтан i-өнімнің таза шығарылымы мынаған тең:

Xi-∑aijxj; j=1,…,n


Егер әрбір і-өнімнің таза шығарылымы мен оған деген соңғы сұранысты yi теңестірсек, онда


Xi-∑aijxj=yi, j=1,…,n


Бұл Леонтьев моделі.


Технологиялық матрица арқылы.

Әр сала үшін aij (1) технологиялық коэффициенттерін қою арқылы келесі баланстық қатынасты аламыз:





Бұл теңдеулер жүйесін векторлы түрде жазуға болады:


(1)
А- тұрақты технологиялық матрица;
с = (c1,...,cn) – сұраныстың белгілі векторы;
x = (x1 , ... , xn) – шығарудың белгісіз векторы

Бұл теңдеу Леонтьев моделі деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет