Реферат тақырыбы: «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы»



бет2/5
Дата28.11.2023
өлшемі35,83 Kb.
#194047
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Майлықожа реферат
Зейін туралы жалпы түсінік, Әдебиеттік оқу, СОӨЖ инкл
ІІ.Негізгі бөлім
Майлықожа шығармашылығындағы ақыл,көңіл,рух туралы діни сарын.
Ғалым Ә.Оспанұлы Майлықожа шығармаларын жанрлық тұрғысынан төртке бөледі. 1.Өлеңдері. 2.Терме толғаулары.3.Айтыстары.4.Мысал-дастандары.Сондай-ақ, Майлықожа өлеңдерін тақырыптық жағынан да төрт топқа бөліп қарастырады. Олар:біріншіден,ғашықтық,құштарлық сезімдерін толғайтын,екіншіден,айналасын қоршаған жаратылыс жақсылықтарын қызықтайтын, үшіншіден, заманның жай-күйін адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көбінесе көңіл қалдырып, жанға тиетін жайттарды шенеп-мінейтін,төртіншіден,көңіл-күй,кәрілік жайларын күйлейтін шығармалар.
Бір ескерер жайт кеңестік жылдарда Майлықожа өлеңдері де әдебиетіміздің ақтаңдақ беттеріне ұшыраған.Олар:

  1. Ресей империясының отарлауымен байланысты соған қарсы жазылған өлеңдері.

  2. Дін-шариғат жөніндегі шығармалары

  3. Елдің білікті төре,билеріне шығарған өлеңдері болатын

Майлықожа - діни сауатты ақын болған.Оған ақынның дін-шариғат жөніндегі шығармалары дәлел. Бұл тақырыпта: Дүниеге көңілім сүйінесің, Алал дінің иман дүр, Он сегіз мың әлем халық, Жаратқан құдай пендесін, Иман таппақ шын дәулет, Ақиқат жолға кірсеңіз, Алал, арам деген бар,Алланың соққан имараты,Тіліме жат алайын біссіміләні,Өнермен өзің берген өлеңдері жазылған.Бұл өлең жыр толғауларында өзінің ұлы да ұлағатты ұстазы Қожа Ахмет Иссауи жазып қалдырған “Кемелдік кешені” уағыздайтын қанағатшылдық адалдық, әдептілік, кішіпейілділік, ақиқатшылдық, әдептілік, төзімділік секілді жоғары адамгаршілік мұраттарын жырлаумен ерекшеленеді Күллі мұсылман шығысында “Он сегіз мың әлем (ғалам)” қалпында түсінілетін дүниенің жаратылысы жайындағы исламды ұғым-түсінік “Дүниеге көңілім сүйінесің”, “Он сегіз мың әлем халық”, “Алал дінің иман-дүр”секілді термелі толғау жырларында жүйелі де әсерлі баяндалады.
Жалпы ақынның мысал дастандарының көтерген мәселесі заманагөйлік сипатқа ие. Қасқыр, Үш жігіт, Тотынама, Момын, Аңқау мен қу атты арғы тегі шығыс әдебиетінен келген бұл мысалдарда жұртшылыққа жақсы насихат береді. Әсіресе, ақын ынсапсыздық пен қанағатсыздық тәрізді міндерді қатты әшкерелейді. “Қасқыр”, “Үш жігіт”, деген мысалдарда адамшылық, ар заңдарын аттап өтіп, пайда мен байлықты ғана иман тұтқандардың ақыры абыройсыз боп біткенін ғибрат етіп келтірген “Аңқау мен қу” мысалында ұрлық пен сұмдық жолына түскеннің бір зауалға ұшырамай қалмайтыныны ескертеді. Майлықожа шығармашылығының асыл діңгегі- шындықты жырлау.
«Болсаң да қанша жақсы періштедей,
Адам басы жүрмейді кейіс көрмей»,-деп Майлықожа өзі жырлағандай күнделікті өмірдің бір қалыпта тұрмайтыны, соған орай адамның көңіл-күйінің де өзгермелі болатыны дәл айтылады.Сондай-ақ дүниенің баянсыздығы да ақын өлеңдеріне көп арқау болады. Дүниені өткінші құбылыстарға балайды: аз күндік жолдас, көп мініліп арқасының мезі шыққан жауыр ат, қысқа мерзімге түстене алатын мейманхана, думаны тарқайтын базар, аққан су, сан түрленіп, мың құбылған түлкі, тынымсыз көшкен керуен – міне, осының бәрі баянсыздық баламасындай тізбектеледі. Өмір өтпелілігін, дүние баянсыздығын айта отырып, өмірге бір-ақ рет келуді маңдайына жазған адам баласына сол тағдыр сыйға тартқан ғұмырды өкінішсіз өткізуді, жарық дүние қадырына жете білуді, сол арқылы ар, адамгершілік атты адами құндылықтарды жоғары көтереді.Бұл ойлар Майлықожаны Яссауи негізін қалаған сопылық іліммен байланыстырады. «Негізінен»,адамның ар түзеу мәселесі сопылық дүниетанымның мұратынан,сопылардың қоғамдағы алатын орнынан туындайды.Сопылардың негізгі мақсаты –ахлақ.Діннің ішкі мәнімен имандылық,ар мәселесімен айналысатын сопылар қоғамның азғындауына қарсы күресетін,ар тазалығына шақыратын жол көрсетуші ұстаздар. … Яссауи да қоғамның баяндылығы мен бақыты үшін нәпсіні тізгіндеу жолдарын ұсынып,адамның исламды,ең алдымен,өз рухында толық меңгеруді талап етеді.Өйткені барлық діндердің ортақ үндеуі адамды ішкі қапас-қараңғылықтан құтқару.Яғни дін адамды өзінің ішкі зынданынан (нәпсіден) құтқарып, еркіндікке бастайтын жол деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет