Реферат тақырыбы: «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы»


Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларының тақырыптық,көркемдік ерекшеліктері



бет4/5
Дата28.11.2023
өлшемі35,83 Kb.
#194047
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Майлықожа реферат
Зейін туралы жалпы түсінік, Әдебиеттік оқу, СОӨЖ инкл
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларының тақырыптық,көркемдік ерекшеліктері
ХІХ ғасыр әдебиетінде есімі ерекше аталатын «терең ойлы шындықты ту еткен» шайырлардың бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Тәкен Әлімқұловтың: «Абайға дейінгі ақындардың күллі қазаққа танымал алты тарланы – Асан қайғы Сәбитұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын), Дулат Бабатайұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы»,- деп көрсетуі сөзіміздің дәлелі болмақ. 
ХІХ ғасыр әдебиеті жанрлық және көркемдік жағынан қайта түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. Дегенмен Майлықожа ақынның жыраулар поэзиясының дәстүрін мықтап ұстанғанын бәріміз білеміз. Осыған орай «Бес ғасыр жырлайды» жинағында: «Майлықожа ақынның түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса да, ол Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз»,- делінген.Бұл пікір ақын шығармаларының өзіндік ерекшелігін тағы бір аңғартқандай.
Біз, Майлықожа ақын шығармаларын тақырыбы жағынан былайша топтастыруды жөн көрдік: адамның бойындағы адамгершілік, ізгілік сынды жақсы, жаман қасиеттерді жырлау; дүниенің өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі туралы; адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу; еңбек туралы т.б. Енді осы мәселеге кеңінен тоқталсақ.
Мысалы, «Дүниеге мейман, көңілім» атты толғауында ақын:
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
...Сағынар сауық-күлкіні-ай,
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні-ай,- деп,фәни жалғанның өткінші екендігін айта келіп, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ойна да күл деп жырлайды. Майлықожаның «Ажал бір келмес болсайшы»,«Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», «Уа, замана» сынды шығармалары - осы сарындас толғаулар. Ал, «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдаберген байға» т.б. арнау өлеңдерінде ақын адалдықты уағыздап, озбырлықты әшкерелейді. Мәселен:
Әкімі жүр ұрыны тыямын деп,
Тіл алмаса, желкесін қиямын деп.
Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жақ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі ақ қылып жүр,- дейді.«Ескі мырза, манаптар бегі,салы» арнау өлеңінде.
Майлықожа ақын шығармаларында ең көп жырланған тақырыптардың бірі - адамгершілік мәселесі. Мысалы,
Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті
Немесе
Жаман сөйлер халықтан,
Бастағы мінін жасырып.
Жақсы сөйлер халыққа,
Қызметін асырып,- деп адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді саралап, салыстырып көрсетеді. Ал, «Жақсы болсын жұбайың» толғауында жақсы жар мен жаман қатынның арасы жер мен көктей дей келіп, ақын шығармасын:
Жаман қатын жігіттің,
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы қатын жігіттің,
Адам қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын,- деп,жігіттің жақсы-жаман болуы жақсы жарға байланысты екендігін және сол үшін отбасында қыз балаға жақсы, өнегелі тәрбие берілу керек екендігіне айрықша назар аударады. Ақынның «Ілімге толсын көкірек», «Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет», «Дүниеге мейман көңілім» т.б. толғаулары да осы тақырыпқа арналған.
«Ұрлықтың түбі қорлықты» атты толғауында Майлықожа ақын«есің болса, ұрлық жасама» дей келіп, барымтамен күн көріп келгендерді:
Ұрлығыңды тыймасаң,
Тобаңнан көңілің жаңылып,
Саныңа кісен тағылып,
Тескентаудан асарсың.
Артыңа байлап шалаңды,
Жат елдің шаңын басарсың,- деп,сақтандырады.Енді бірде:
Ерінбей бейнет еткеннің,
Еңбегі дейді жанады.
Жақсы болып өседі,
Осылай қазақ деседі,- деп жастарды еңбекке баулиды.
Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр», «Жылдың төрт мезгілі», «Есі кеткен ел байғұс» толғауларында табиғат құбылыстарын қазақ ауылдарының тұрмысымен байланыстыра жырлайды, сол арқылы замана шындығын, дәуір көрінісін суреттейді. Мысалы:
Төрт ай қыстан жаз шықты өлмегенге,
Ондай қыс туған емес ел дегенге.
Қысы жұт, көктем балық қиыншылық,
Ұшырады ел екі тосат көлденеңге.
Ал, енді ақын шығармаларының көркемдігіне келетін болсақ, Майлықожа қазақ әдебиетінде жиі кездесетін теңеу, эпитет, метафора мен метонимияларды шебер қолданады. Мысалы: 
Дүбірге қызған жүйріктей
Қызып тұр әзір табаным (теңеу)
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай (теңеу).
Қызықтырған түлкідей
Дүние өтер бір күні-ай (теңеу).
Айдан аппақ сұлудың
Тең келмес оған ешбірі (эпитет).
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра көшкен ауылсың (метафора).
Қазақтың құсы едің қалыңға ұшқан,
Бұғы, марал, шеңгелде құлжа қысқан (метафора).
Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті (метонимия).
Боза ішіп бір міріге судай тастың,
Суға кеп сүңгіткенде көзіңді аштың.
Байғұс-ау жылан емес кесіртке емес
Құйрығын айдаһардың қайдан бастың (астарлау).
Ақын шығармаларында, сол сияқты, ассонанс пен аллитерация да көптеп кездеседі: 
Жаман болса қатының,
Жолықтырар кесетке.
Жамбасың үйір боп кетер,
Жастығы қатты төсекке.
Қаншама жақсы сөз айтсаң,
Алмайды оны есепке,
Арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.
Сондай-ақ, Шығыс дәстүрін ұстанған Майлықожа ақынның шығармаларында араб-парсы сөздері жиі кездеседі: нақлиқат (нақыл), ыбырат (үлгі, өнеге), қасам (ант), беһәнә (себеп), алымларға (қалымдарға), төһмәт (жала, өтірік, өсек) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет