Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі АҚ
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
РЕФЕРАТ Тақырыбы: «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы»
Қабылдаған:аға оқытушы Ермаханова М.Ш
Орындаған:Әділханова Е.Ә
Оқу тобы:КяЛ-21-1
Жезқазған 2023
Жоспар:
І.Кіріспе
а)Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірбаяны
ІІ.Негізгі бөлім
ә) Майлықожа шығармашылығындағы ақыл,көңіл,рух туралы діни сарын.
б) Майлықожа толғауларындағы дидактикалық үгіт- насихатшылық сарын
в) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларының тақырыптық,көркемдік ерекшеліктері
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірбаяны Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835 жылы Сырдария өзенінің бойында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданына қарасты “Қожатоғай” бұрынғы Қаракөл қой совхозында туылған. Майлықожа мұрасын зерттеуші ғалым Ә.Оспанұлы дерегі бойынша ақынның әкесі Сұлтанқожа Атақожа баласы орта шаруалы, ұрт мінезді, тура сөзді кісі болыпты. Ақын әкеден 14 жасында айырылады. Сүйенері қалмаған анасы Майлықожа мен інісі Есеханды ерітіп төркініне, әкесі Исаның қолына келеді. Бірақ көп ұзамай шешесінің өзі де дүние салады. Сөйтіп тәрбиесі нағашы жұртында болады. Сол жерде Әбдрахман қызы Еркеайымға үйленіп,туған жеріне қайтып келеді.Ауылдағы қыз-жігіттерге махаббат өлеңдері мен сәлем хаттар,қаралы үйлерге жоқтаулар шығарып жүре береді.Күнкөріс қамының бұл тәсілі кейін беделді ақын болғанда кезінде талай алдынан шыққанға ұқсайды.Мәделіқожамен сөз бәсекесіне түскенде Майлықожа өмірінің осы жағын (жоқтаулар шығаруын) қоймай айтып барып жеңіске жеткен екен дейді.
Майлықожа өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі сол кезеңде Қараспан маңын жайлаған ел ішінде Сұлтан төренің атағы шыққан Ханапа дейтін қызына кездесуі. Көптен көрісіп, іштей ұғысып жүрген бұлар қол ұстасып,қосылуға серттеседі.Содан қалың Қоңырат арасында дау-дамай туады. Әсіресе, нағашы ағалары Әздерхан,Әзіхан дегендер қалыңмал даулап ақынның жеке басына қауіп төндіре бастайды.Осымен байланысты қос ғашық қол ұстасқан күйі өзбек жеріне, Нұрата-Жызақ жағына өтіп кетеді. Онда екі жылдай болып, ел тынышталған соң туған жеріне қайтып оралады.Дерек бойынша, бәйбішесі Ерқайымнан Жолбарыс, Қобылан, Асан, Әлімхан – 4 ұл да, кенжесі Исабек осы Ханападан екен.
Өзбек елінен туған жеріне қайтып келгеннен кейін Майлықожа бірыңғай ақындыққа бет бұрады, ел аралап жыр жырлайды, көптеген ақындармен айтысқа түседі.
Майлы әуелі үйде әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп заманына сай білімді адам болған. Ақынның айтуына қарағанда, 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Кейін өзінің сауатын молайтып жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға,оның кейбір үлгілерін жаттап,айтып таратуға мүмкіндік алған.Мәдениет орталықтарында Бұхара, Самарқан,Ташкент сияқты қалаларда болып көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан.
Майлықожаның төрт бірдей кітаптан тұратын “Нақылият”, “Дүние-ай”, “Тымсал”, “Қара сөз” атты толыққа жуық шығармалар жинағын басып шығарды. Сөз зергері, әсем жырдың дүлдүлі Майлықожа ақынның еңбектерін тірнектеп жинап, жариялап, оған ғылыми талдау жасап, дана нақылдары мен сұлу жыр жолдарын күні кешеге дейін ұсынумен келген Ә.Оспанұлы.Ол,сондай- ақ Майлықожаның Жолбарыс, Асан, Исабек деген ақын балаларының еңбектерімен де халқымызды алғаш таныстырған ғалым. Қаламгер Ә.Оспанұлы Майлықожаның халыққа белгісіз “Әмір Әмзе”, “Зарқұм” Секілді он мың жолға жуық аса көлемді қисса-дастандарын баспаға әзірлеп жарияланды.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,онымен сөз қағыстырған.Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.Олар «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Майлықожаның нақыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.Мысалы:
…Жастарды тәрбие қып сыйлау керек, Жорамалды қариядан жоба үйрен,
Ержігіт еске толып есейгенше. Түймедей түйініңді шешем десе.
Шын достың көңілі өсіп қуанбай ма! Жол берме жобасызға деймін,халқым,
Сағынып бірін-бірі есен көрсе? Біреудің адал малын жесем десе.
Жөн білсең,жолдасңа жоба көрсет, Қоңсыңмен қоштасып қал қол алысып,
Жұмыс жөнге жүрмей кеселденсе. Туысқан өз еліне көшем десе,-дейді.
Енді бірде:
Аязды күні айналып, Мейірбан бар ма бұрыннан?
Бұлтты күні бурылған; Ыстық пенен суыққа
Жас нәресте күніңде Перзент үшін ұрынған,
Хабардар болған сырыңнан; Дүниеде,шіркін,мейірбан
Мейіріңді сүтке қандырған, Анаң өлмес болсайшы…-Деп,ананың ұлылығын паш етеді.Майлықожа өз өлеңдерін негізінен ағайын-туысқа,отбасы мүшелеріне арнағандықтан,солардың бойындағы адамгершілік,ізгілік қасиеттерді дәріптейді.Тағы бір мысал:
Жал-құйрғың, қанатың, Сүйеніп көңілін еркіндей,
Алатауда сүінішің – Шаһарлы шарбақ кентіндей
Айтқанын қылмай жүресің; Басшы болып тұрған алдыңда,
Өлгенінде өкініп, Ағаң өлмес болсайшы.
Қадірін сонда білесің. Қасіретін көріп інісі
Асқар таудың көркіндей, Қапа болмас болсайшы.
Тай-кұлындай тебіскен , Артыңдағы сүйеуің,
Талапсып емшек еміскен Опасыз жалған дүниеде
Сүйенішің, тіреуің, Інің өлмес болсайшы-деп,аға мен інінің арасындағы бауырмалық байланысты сақтауды түсіндіреді.Майлықожаның өнегелі сөздері кейін елге кең тарап,нақылға айналып кеткен.