Реферат тақырыбы: Маркетингтік зерттеу ұғымдары мен пәні Орындаған: Бакытова А. М. Маркетинг, 3-курс Тексерген: Тулебаева Н. Т


М аркетингтік зерттеулер рәсімі 5



бет12/13
Дата06.02.2022
өлшемі44,16 Kb.
#81197
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бакытова Аида маркетингтік зерттеу

М
аркетингтік зерттеулер рәсімі 5
кезеңмен жүзеге асырылады: 
Маркетингтік зерттеулер жүргізу принциптері: 

  1. Объективтілік: бүкіл факторлар мен бүкіл ақпараттардың есебі. Өндіруші жиі түрде өзінің тауарын - ең жақсы деп санайтыны құпия емес. Ол осы көзқарастан ұстана отырып: «Біздің тауарды нарыққа шығарудың не қажеті бар? Оны, онсыз да бүкілі біледі!» - дейді. Алайда, сатып алушының пікірі өндірушінің пікірінен мүлде алшақ болуы мүкін. Және бұл жерде, тіпті, егер ол ақпаратқа оның көңілі толмаса да, объективті ақпаратты тіркеу маңызды болып саналады. 

  2. Дәлдік: ақпараттарды жинау мен өңдеудің барабар әдістерін таңдай отырып, жүргізілетін зерттеудің міндеттерінен қатаң ұстану керек. 

  3. Тізбектілік: зерттеудің әрбір сатылары жоспарлаудан, орындаудан және бақылаудан көрінеді. 

Жалпы қабылданған көзқарастарға сәйкес маркетингтік зерттеу процесіне төрт мүдделі тарап қатысады: нақты маркетолог-зерттеуші, оның клиенті, респондент және қоғам. Олар бір-бірінің алдында және маркетингтік зерттеу жобасының алдында белгілі бір міндеттемелерге ие. Этикалық проблемалар осы тараптардың мүдделері бір-біріне қайшы келетін және бір немесе бірнеше қатысушы өздерін міндеттемелерден бос деп санайтын жағдайларда туындайды. Мысалы, егер зерттеуші маркетингтік зерттеулердің тиісті рәсімдерін сақтамаса немесе клиент компанияның жарнамасында алынған деректерді бұрмаласа, этикалық нормалар бұзылады. Этикалық мәселелер мүдделі тараптар адал әрекет еткен кезде жақсы шешіледі. Мінез-құлықты реттеу және қиын этикалық мәселелерді шешуге көмектесу үшін арнайы мінез-құлық кодекстері бар, мысалы, американдық Маркетинг Қауымдастығының этикалық кодексі. Олар барлығына қол жетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет