Айқын анықтамалардың дұрыстығына баға беру үшін ұғымды анықтау ережелерін білген дұрыс.
Бастауыш курс математикасындағы анықтамалардың көпшілігі тегі және түрлік айырмашылығы бойынша беріледі.Бұл тәсілдермен ұғымды анықтау кезінде мынадай бірнеше талаптарды сақтау керек:
Анықталушы және анықтаушы ұғымдар бір – бірімен өлшемдес болуы керек. Мысал ретінде «тіктөртбұрыш» пен «төртбұрыштың» анықтамаларын алуға болады.
2. Анықтама беру ережелері тұйыққа тірелуге тиым салуы керек, яғни ұғымды оның өзі арқылы немесе өз кезегінде сол арқылы анықталатын басқа бір ұғыммен анықтауға. Мысалы, көбейту амалын көбейтінді арқылы немесе көбейтіндіні көбейту амалы арқылы.
3. Анықтамада ұғымның көлеміне тиісті обьектіні – бір мәнді ерекшелеуге мүмкіндік беретін барлық қасиеттер көрсетілуі тиіс.
Мысалы,сыбайлас бұрыштардың анықтамасы былай деп беріледі: «Сыбайлас бұрыштар деп – қосындысы 180 болатын бұрыштарды айтады». Бұл анықтама сыбайлас бұрыштарды басқа бұрыштардан айыра білуге жеткіліксіз.
Анықтамада басы артық ештеңе болмауы тиіс, яғни көпсөзділік болмауы керек.Мысалы,тіктөртбұрыштың анықтамасында басы артық сөздер кездеседі.
5. Кейбір ұғымдардың мүмкін болатын анықтамаларының бірін таңдау кезінде қайсы анықтама жеңіл, табиғи немесе әрі қарай теорияны құру мақсатына сәйкес болатындығы басшылыққа алынуы керек. Мысал ретінде параллеограмның аңықтамаларын салыстыруға болады.