Реферат тақырыбы: Математиканың біздің өмірдегі маңызы Тексеретін: Шаганбаева. Ш. Б орындаған: Бакитова Наргиза ҚМ-103а ақтөбе 2023



бет2/3
Дата12.06.2023
өлшемі18,25 Kb.
#178691
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
матем манызы (1)

Математика ақыл ойды дамытады
Математика адамның интелектуалды қабілеттерін дамытады. Сол қабілеттерге тоқталып кетейік.

  • Жалпылау қабілеті. Белгілі бір оқиғаны жалпы тәртіптің көрінісі ретінде қарастыру. Дербес құбылыстардың жалпы құбылыс барысындағы жеке рөлін анықтау.

  • Талдау қабілеті. Өмірлік қиын жағдайаттарда дұрыс таңдау жасап шешім қабылдау.

  • Заңдылықтарды анықтау қабілеті.

  • Логикалық тұрғыда ойлау және негіздеу.

  • Тез ойлану және шешім қабылдау.

  • Алдын-ала жоспарлау қабілеті. Алдын-ала бірнеше қадамдарды жоспарлап шешім қабылдау.

  • Абтракты ойлау.

Жоғарыда айтылған қабілеттердің даумуы үшін математикалық әдіс қолданатын дәлдігі, тәртібі және логикасы басым болатын білімнің барлық салаларын айтып отырмын. Интелектуалды қабілеттерді дамыту үшін қиын есептер жинағын алып шығару міндетті емес, математикалық әдістер қолданылатын логикалық сөз жұмбақтарды шешіп, интелектуалды ойындарды ойнауға болады. Математиканың тағы бір құдіреті – онымен шұғылданған адамның бойында осы айырықша қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Математика адамды ой еңбегіне тәрбиелейді. Сондықтан, достар, математикадан қашпау керек, оны сүю керек! Бұл математиканы оқуға дайндықтың ең алғы шарты.
Есептердің шешімін таба отырып – баланың ойлау жүйесінің дамуына ықпал етіп, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс шешім таба алуға тәрбиелейді.
Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үйдің құрылымы да тұнып тұрған математика. Математикалық тұрғысынан қарағанда киіз үй негізі 3 бөліктен тұрады. Уықтары параболаның бір бөлігі. Шаңырағы, табаны шеңберлер. Цилиндр орнықты фигура болғандықтан киіз үйдің пішіні соған сәйкестендіріліп жасалған. Киіз үйдің есігі тік төртбұрыш. Кереге арасы ромб. Киіз үйдің шаңырағынан дәл ортасынан табанына түсірілген биіктігі едендегі шеңбердің центрімен дәл келеді де, симметрия осін береді.
Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сфера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқыр апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік—шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың ұясы да сфера пішінді болады. Міне қазақтың киіз үйі де, осындай заңдылық бойынша жасалған. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет