Түсінік хат
Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл жұмыс түрі 2-сыныптағы баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді, әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді
«Математика ақыл-ойды биік шыңға жеткізеді.
Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы әрі пән мұғаліміне көмекші құрал болады деп құрастырылып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін ескеріп, 2-сыныпты қамти отыра математикадан терең ойлау қабілеттерін арттыру барысында «Ғажайып математика » атты факультативтік курс аптасына 1 сағат көлемінде алынып, 2 -сыныпқа 34 сағатты қамтиды.
Математика пәнінің негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдаарлама оқушылардың білім-білік деңгейлері, танымдық қабілеттерін арттырады. Оқушының қисынды ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық-ойын тапсырмалар беру.
Бастауыш сыныпта өтілетін бірақ шығарылу қиын есептер мен тапқырлықты талап ететін қисынды есептер астарлап келеді.Есеп зерделілікке, қиялдауға, қисынды ойлауға, тапқырлыққа үйретеді.Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығуларды орындауға машықтандырады.Математикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін арттырып, зейінін, есте сақтау процестерін дамытады.
Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Тапсырмадағы тірек сызбалар ұсынылып, оқушының өтілген тақырыпты игеруін, пысықтауын, ой қорытуын жеңілдетеді. Математика пәні шыдымдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді.
Мақсаты:
- математикалықбілімдерін игеру;
- танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;
- пәнге қызығушылығын арттыру;
- қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде қалыптастыру;
- игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында қолдана білуге дайындау;
Достарыңызбен бөлісу: |