hidden on (hidden off)
кестедегi көрiнбейтiн сызықтарды алып тастауды қосу(ажырату)
shading
беттердi көлеңкелеудің келесі тəсілдерінің бірін орнату:
shading faceted - қара қырлы ұяшықтарының бiр қалыпты боялуы;
shading fl at - ұяшықтар немесе қырлардың тор түйiнiнiң түсiмен тəуелдiлiкте боялуы; shading interp - тор түйiндерiндегі түс интерполяциясымен анықталатын түспен боялуы
view
шолу нүктесiн басқару:
view(A,E) - E дөңестік бұрышын жəне A азимутын орнатады (азимут - Z осін айналдыра Y осінің теріс бағытында сағат тіліне қарсы айналдыру бұрышы, дөңестік бұрыш
- координата басынан шыққан шолу нүктесіне дейінгі кесiндiмен ХY жазықтығы аралығындағы бұрыш);
view ([x,y,z]) шолу нүктесiн (x, y, z) координаталарымен бередi;
view(2), view(3 ) - шолу нүктесі үшiн екi өлшемдi жəне үш өлшемдi графиктерінің кестелер бойымен қабылданған нүктелерiнің орнын көрсетіп отырады
colorbar
Z осінің шкаласы мен ағымдағы түс түрінің тiк бағанын шығару
c o l o r m a p (MN)
түс түрін MN атты түс түріне ауыстыру. Стандартты жəне қосымша түс түрлерінің атаулары:
cool (көгілдір мен қарақошқыл рең), gray (сұр рең), hot (ақ-сары-сарғылт-қызыл-қара), hsv (кемпірқосақ түсі), jet (қызыл-сары-жасыл-көгілдір-көк), copper (мыс реңі), autumn (сары-сарғылт-қызыл), winter (көк-жасыл), summer (сары-жасыл), spring (сары-қарақошқыл), pink (қоңыр рең). Үнсіздікпен қолданылатын түс түріне қайтып келу colormap(‘default’) командасы арқылы іске асырылады
Camlight
жарық көзін жасау:
camlight (A,E) – берілген E дөңестік бұрыштық жəне A азимуттық координаталарында;
camlight headlight – шолу нүктесінде;
camlight right – шолу нүктесінен жоғары жəне оңға;
camlight left – шолу нүктесінен жоғары жəне солға
Material
Беттік материалдың қасиетін беру:
material shiny – жылтыр;
material dull – бұлыңғыр;
material metal – металл түстес;
material default – үнсіздікпен қабылдану
Үшөлшемдік график тұрғызудың мүмкіндіктерін екі айнымалысы бар z (x ,y ) = sin(x) * sin(y ) функциясының графигін салу арқылы көрсетуге болады. Ол үшін
»x=-pi:0.1:pi; y=x; [x1, y1]=meshgrid(x,y); z=sin(x1).*sin(y1);
»subplot(2,2,1); mesh(x1, y1, z);
»subplot(2,2,2); meshz(x1, y1, z);
»subplot(2,2,3); surf(x1, y1, z); view ([0,-pi,0]); colorbar; view
([0,-pi,0])
»subplot(2,2,4); surfc(x1, y1, z) ;
»fi gure(2)
»subplot(2,1,1); clabel(contour(x1, y1, z));
»subplot(2,1,2); contourf(x1, y1, z);
»
командалары қолданылып, 8 жəне 9-суреттерде көрсетілген графиктер алынды.
5. Графиктік терезеге жазулар, тақырыптар жəне координаталық кесте шығару
График терезесінде координаталық кестені салу үшін grid on командасы қолданылады. Ал координаталық кестені алып тастау үшін grid off командасы қолданылады. Grid командасы бір күйден екінші күйге ауыстыру үшін қолданылады.
График аймағына жазу шығару үшін келесідей функциялар қолданылады (SV мəтіндік айнымалының дəйекшеге алынған түріндегі функцияны шақыруы берілсе):
xlabel(SV) – x осінің атауы;
ylabel(SV) – y осінің атауы;
zlabel(SV) – z осінің атауы;
title(SV) – графиктің үстіңгі жағына орналасқан тақырыбы;
text(X,Y,Z,SV) - (X,Y,Z) координаттық нүктеден басталатын мəтін.
Нүкте координатасы сол график тұрғызылған координаттар жүйесінде беріледі. Жазықтықтағы график үшін Z координата сы бо л майды;
gtext(SV) – SV жолының шығар орнын көрсететін белгіні шығару
командасы. Енгізуді тоқтату үшін кез келген пернені басып немесе тышқанмен шерту керек.
legend(SV1,SV2,SV3 …pos) – график аймағына əр графикке,
сызықтың немесе маркердің түрі жəне түсініктеме беретін мəтіндік
SV1, SV2, SV3 айнымалылары түрінде жазылған түсініктемелік мəтіні
бар əфсана легенданы қосады.
8-сурет. z (x ,y ) = sin(x) * sin(y ) функциясының графиктері
9-сурет. z (x ,y ) = sin(x) * sin(y ) функциясының графиктері
Pos параметрі арқылы əфсана легенданың орны беріледі:
Pos мəні
|
əфсана легенданың орны
|
-1
|
графиктің оң жақ сырты
|
0
|
графиктің нүктелерін əфсана легендамен неғұрлым азырақ жабатындай
|
1
|
графиктің оң жақ жоғарғы бұрышы
|
2
|
графиктің сол жақ жоғарғы бұрышы
|
3
|
графиктің сол жақ төменгі бұрышы
|
4
|
графиктің оң жақ төменгі бұрышы
|
Box +on (box off) командасы үшөлшемді объект орналасқан параллелепипедтің пішінін көрсету (алып тастау) үшін қолданылады. Box командасы бір күйден екінші күйге ауыстыру рөлін атқарады.
6 График масштабын өзгерту
Axis([xmin, xmax, ymin, ymax]) командасы екіөлшемді графиктің x, y координаттары бойынша, ал axis([xmin, xmax, ymin, ymax, zmin, zmax])– үшөлшемді графиктің x, y, z осьтері бойынша масштабты орнатады. Xmin, ymin, zmin параметрлері x, y, z осі бойынша ең кіші мəндерді береді де, ал xmax, ymax, zmax , тиісінше, ең үлкен мəндерді береді. Axis командасы барлық осьтер бойынша [xmin, xmax, ymin, ymax, zmin, zmax]) шектік мəндері бар векторды параметрсіз кері қайтарады.
Axis(‘auto’) командасы барлық осьтер бойынша, axis(‘auto x’)
командасы x осі бойынша, ал axis(‘auto xy’) x жəне y осьтері бойынша шектік мəндердің автоматты түрде орнатылуын береді. Axis equal командасы барлық осьтер бойынша бірдей масштабтық коэффициент орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |