Реферат тақырыбы: MatLab ортасындағы графика. Функция графиктерін тұрғызу Курс: 2 курс Пәні



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі471,36 Kb.
#93470
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат

Plotyy (x1,y1,x2,y2) функциясы x1,y1 жəне x2,y2 жиымдарымен берілген екі координат осі бар екі функция графигін тұрғызады.
(сол жағындағы ось бірінші графикке, ал оң жағында екінші графикке сəйкес келеді). Егер y1, y2 – екі өлшемді жиым болса, графиктер саны ондағы бағандардың санына тең болады. Мысалы, -ден π-ге дейінгі аралықта синусоида жəне парабола тұрғызайық.

»x=-pi:0.01:pi;plotyy(x,sin(x),x,x.^2)


Нəтижелері 4-суретте көрсетілген.



4-сурет. Екі координаттық осьтері бар графиктер


Графиктік терезенің құрал-саймандар жақтауындағы, жəне пернелері батырмалары графиктік аймаққа мəтін, бағыттауыш жəне сызықтар қосу үшін арналған. График тұрғызылғаннан кейін графиктерді жəне оның құрама бөліктерін жөндеу, осьтер мен сызықтардың параметрлерін беру Edit жəне Tools командалары арқылы беріледі. Графиктік терезені толық сақтау үшін File/Save командалары қолданылады, ал


қолданыстағы файл .fi g кеңейтілуі арқылы жазылады. Графиктік терезені ашу File/Open командасымен іске асырылады.
Графиктік терезені белгілі бір графикалық қалыпта сақтау үшін оның кеңейтілімін көрсету керек. Графиктерді экспорттау үшін File/Save жəне File/Save As командаларынан басқа File/Export командасын қолдануға болады, алайда «Тип файла» тізімінде сақтау кезінде керекті қалыпты таңдау керек.

1.2 Бір терезеде бірнеше график тұрғызу


Графикті тұрғызудың кезекті командасын бергенде терезеде бұрынғысы жойылып, жаңа график пайда болады. Бір терезеде бірнеше график тұрғызу үшін hold on (алдыңғы графикті сақтау режимін іске қосады) командасы қолданылады. Бұрынғы графиктік сақтау режимін алып тастау үшін hold off командасы қолданылады (алдыңғы графикті сақтау режимін тоқтатады). Hold командасы бір режимнен екінші режимге өтуді жүзеге асырады. Мысалы:


»x=-5:0.1:5;y=1./(x.^2+1); plot(x,y); hold on; plot(x,0.5*sin(2*x)); hold off


График тұрғызудың нəтижелері 5-суретте көрсетілген.


5
-сурет. Hold on командасы арқылы бір терезеге бірнеше график тұрғызу


1.3 Полярлық координаттар жүйесінде график тұрғызу


Мəндері F жəне R жиымдарына жазылатын полярлық бұрыш пен полярлық радиус арқылы берілген функцияның графигін полярлық координаттар жүйесінде тұрғызу polar(F,R,LS) функциясын қолдану арқылы іске асырылады. Міндетті емес жолдық айнымалы LS сызықтың қасиетін береді (plot функциясындағыдай). Егер F жəне R жиымдары бірдей мөлшердегі екі өлшемді жиымдар болса, онда графиктер олардың əрқайсысының бағандары бойынша салынады.



Мысалы, (0,π) аралығында ρ(φ)=sin(7φ) функциясының графигін тұрғызу керек.

»x=0:0.001:pi;polar(x,sin(7*x))


6.1-сурет. ρ(φ)=sin(7φ) функциясының графигі


2. Графиктік терезелермен жұмыс


Графиктік терезеге өту үшін немесе жаңа графиктік терезе ашу үшін figure(n) командасы қолданылады. Мұндағы n графиктік терезенің нөмірі. Егер берілген нөмірдегі графиктік терезе жоқ болса, онда жаңа терезе пайда болады. Егер нөмірмен берілген терезе бар болса, қалған графиктік командалар сол терезеге қатысты болады. Параметрсіз figure командасы ең кіші нөмірдегі жаңа терезені ашады.


Сlose(n) немесе close n командасы n нөмірлі графиктік терезені жабады. Сlose all командасы барлық ашық тұрған графиктік терезелерді жабады.

3. Графиктік терезелердің шағын терезелерге бөлінуі


Графиктік терезені бірнеше терезелерге бөлуге болады жəне олардың əрқайсысына əр түрлі функциялардың графиктерін тұрғызуға болады. Терезені жалпы саны тігінен n, ал көлденеңінен m болатын шағын терезелерге бөлу үшін жəне нəтижені реті бойынша k-ші терезесіне шығару үшін (егер солдан оңға жəне жоғарыдан төмен қарай санасақ) subplot(n, m, k) функциясы қолданылады. Мысалы:





»x=0:0.001:pi; y=sin(7*x);
»subplot(2,2,1);plot(x,y);
»subplot(2,2,3);polar(x,y);
»subplot(1,2,2);polar(x,y);
»

6.2-сурет. Графиктік терезені бірнеше терезелерге бөлу


4.4 Үш өлшемді графиктің тұрғызылуы


Кеңестіктегі сызықтарды құру үшін plot3(X,Y,Z) функциясы қолданылады.


Бұл функция plot функциясының үшөлшемді аналогы болып табылады жəне X, Y, Z жиымдарында жазылған абсцисса, ордината жəне аппликата нүктелерін тік сызықтармен қосу үшін арналған.
Ал келесі көрініс кеңістіктегі қисық сызықтың пайда болуына алып келеді (7-сурет).

»z=0:0.01:70;x=(1-z/70).*cos(z);y=(1-z/70).*sin(z);plot3(x,y,z)


Екі айнымалысы бар функция графигін тұрғызу үшін:





1. [X,Y]=meshgrid(x,y) функциясының көмегімен абсциссасы х жəне ординатасы y болатын графиктің əрбір түйіндік нүктелеріндегі мəндер арқылы X, Y матрицалары құрылады. Сонымен бірге матрицаның əр Х жолы x векторының көшірмесі, ал матрицаның əр Y бағаны у векторының көшірмесі болады.
2. Əрбір түйіндік нүктеде екі айнымалысы бар функция мəндерінің Z матрицасы есептелінеді.
3. Үш өлшемді графиктер тұрғызу функцияларының біреуі қолданылады (2-кесте).

7-сурет. Plot3 функциясын қолдану арқылы құрылған қисық


2-кесте. Үш өлшемді графиктерді тұрғызу функциялары



Функция

Функцияның сипаты

mesh(x, y, z)

түйіндік нүктелердің координаттары x,y,z матрицаларының құрамында болатын беткі қабаттың қаңқасын тұрғызу

meshс(x, y, z)

XY жазықтығына проекцияланатын функцияның деңгей сызығымен шектелген беттің қаңқасын тұрғызу

meshz(x, y, z)

XY жазықтығына перпендикуляр проекцияланатын жазықтықтың шеткі нүктелерімен шектелген қаңқалы бетті тұрғызу

surf(x, y, z)

түйіндік нүктелердің координаттары x,y,z матрицаларының құрамында болатын боялған беттi тұрғызу

surfс(x, y, z)

XY жазықтығына проекцияланатын боялған бет пен функцияның деңгей сызықтарын тұрғызу

contour(x, y, z)

түйіндік нүктелердің координаттары x,y,z матрицаларының құрамында болатын беттiк деңгей сызықтарын тұрғызу. Егер contour функциясы қайтаратын параметрді clabel функциясына берілсе, яғни clabel(contour(x, y, z)), онда графиктегі деңгей сызықтарына функция мəндерi түседi.

contourf(x, y, z)

аралықтарын əр түрлi түстермен бояп беттiң деңгей сызықтарын тұрғызу

Тұрғызылған графиктің сырт пішінін басқару үшін 3-кестеде келтірілгендей əр түрлі функциялар қолданылады.

3-кесте. Графиктің сырт пішінін басқару үшін арналған функциялар


Функция
Функцияның сипаты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет