Реферат тақырыбы: MatLab ортасындағы графика. Функция графиктерін тұрғызу Курс: 2 курс Пәні



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі471,36 Kb.
#93470
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Екі өлшемдік графиктерді тұрғызу


Екі өлшемді графиктер декарттық жəне полярлық координаттар жүйесінде сызықтық жəне логарифмдік масштабтарда құрылуы мүмкін.


Функция графигін тұрғызу үшін аргумент мəнінің векторын беру қажет, функция мəнінің векторын есептеп жəне график функциясын шақыру керек.

1.1 Декарттық координат жүйесінде график тұрғызу


Сызықтық масштабта функция графигін тұрғызу үшін plot(X,Y) функциясы қолданылады. Х векторында функцияның аргумент мəндерінің жиымы, ал Y векторында функция мəндерінің жиымы жазылуы керек. Plot функциясы график нүктелерін түзу сызықтармен біріктіреді.


Мысалы, [-5,5] аралығында f (x) = 1/x²+1 функциясының графигін құру керек. Ол үшін команда жолында

»x=-5:0.1:5;y=1./(x.^2+1);plot(x,y)


теріледі. Enter-ді басқанда экранда графигі бар терезе пайда болады. Графикті шығарған терезеге график аймағы, құрал-саймандар жақтауы жəне мəзір кіреді. Графиктерді тұрғызу командасын қол дан ғанда график терезесі автоматты түрде ашылады (1-сурет).





1-сурет. f (x) = 1/x²+1 функциясының графигі


Егер plot(Y) функциясының аргументі ретінде бір бірөлшемді жиым болса, онда Y векторының элементтерінің индекстерінен тəуелділік құрылады. Егер Y векторының элементтері комплекстік болса, онда plot(real(Y),imag(Y)) графиктері құрылады. Егер Y векторы екі өлшемді жиым болса, онда баған элементтерінің жол нөмірінен тəуелділігі құрылады.


Егер plot(X,Y) командасының бір немесе екі аргументі екі өлшемді жиым болса, онда келесідей құрылымдар беріледі:
− егер Х жиымы бір өлшемді, ал Y - екі өлшемді болса, онда Y
жиымының бағандарының Х векторының элементтерінен тəуелді графигі құрылады;
− егер Y жиымы бір өлшемді, ал Х - екі өлшемді болса, онда Y векторының элементтерінің Х жиымының бағандарынан тəуелді графигі құрылады;
− егер Х жəне Y жиымдары екі өлшемді болса, онда Y жиымының бағаны Х жиымының бағанынан тəуелді графигі құрылады.
Plot(X,Y,LS) командасы LS жолдық айнымалының көмегімен (дəйекшеге алынады) сызықтарды белгілеуге, түсін анықтауға жəне нүкте маркерін беруге мүмкіндік береді.
Мысалы,

»a=-10:0.5:10;plot(a,a.^2,'ro-')


командасы [-10,10] аралығында дөңгелек маркермен жəне тұтас қызыл сызықпен параболаны салуды береді (2-сурет).





2-сурет. Сызық қалыбын беру


1-кесте. Сызықтардың параметрлері



Plot(X1,Y1,LS1, X2,Y2,LS2, …) командасы əртүрлі параметрлі сызықтармен графиктер тобын салуды орындайды.
Plot(X,Y,LS, ‘PN’,PV …) командасы график тұрғызуда
қолданылатын сызықтың қасиеттерін береді ( ‘PN’ – қасиеттің атауы, PV – қасиеттің берілген мəні). Мысалы, алдыңғы мысалдағы сызықтың жуандығына 3 мəнін беру үшін берілетін команда

»a=-10:0.5:10;plot(a,a.^2,'r-h','LineWidth',3)


түрде болады.


Екі координаттық осьте логарифмдік масштабта график салу үшін plot функциясының орнына бұрынғы аргументтер жиынтығымен loglog функциясы қолданылады. Х осі бойынша логарифмдік масштабта жəне Y осі бойынша сызықтық масштабта функция графигін тұрғызу semilogx функциясы арқылы орындалады. Ал semilogy функциясы Y осі бойынша логарифмдік масштабты жəне Х осі бойынша сызықтық масштабта функция графигін тұрғызады. Мысалы:

»x=0:0.2:5;loglog(x,exp(x))


»fi gure;
»semilogx(x,exp(x))
»fi gure;
»semilogy(x,exp(x))
»

Нəтижелері 3-суретте көрсетілген.





3-сурет. Логарифмдік масштабта тұрғызылған функция графигі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет