Қорытынды
Жаңаарқа (2020 жылға дейін — Атасу)[2] – кент, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының және Жаңаарқа кенттік әкімдігі орталығы, темір жол стансасы.Облыс орталығы – Жезқазған қаласының солтүстік-шығысында 320 км жерде, Сарысу өзенінің салалары – Жақсы Сарысу мен Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінде орналасқан.1929 жылдан аудан орталығы, 1941 жылдан кент.1999 жылы тұрғындар саны 14281 адам (6864 ер адам және 7417 әйел адам) болса, 2009 жылы 14265 адамды (6958 ер адам және 7307 әйел адам) құрады.Қайталанбас салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен ерекшеленетін Қазақ халқының талай ғасыр иемденіп келе жатқан кімді болмасын кеңдігімен көз тартқызар сайын даласының әрбір аймағы мен тау – тасы үлкен зерттеуге сұранарлық шежіреге толы.
Осындай шежіреге бай, сан ғасырдан сыр шертер қасиетті, киелі өңірдің бірі, әйгілі Сарыарқаның жуан ортасынан орын алған Жаңаарқа жері.Шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа – өлкесі – сан даралар мен даналардың киелі ордасы, алтын бесігі, ата мекені. Бұл қасиетті топырақ – сан ғасырды бойлап тарихтың талай құпиясын сақтаған, бүгінгі күндері даласы ән мен жырға айналған, берекелі еңбек өрбіткен өңір.Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай - қантардың орташа температурасы Солтүстікте — 18°С, Оңтүстікте — 14°С байқалады. Абсолюттік минимум — 52°-44°С аралығында ауытқиды. Көктемдеде антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады: күндіз өте жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жаңаарқа ауданы Ағашжайлау – тау. Биіктігі 492 метр. Атауы ағаш және жайлау сөздерінен құрастырылған. Мағынасы – «тау баурайына өскен қалың ағашының арасы малға ыңғайлы жайлау». Адыр – Жаңаарқа жерінде жиі кездесетін (Жаманадыр, Манадыр, Қарсыадыр, т.б.) қатты тау жыныстарынан құралған аласа таулар. Жер бедері және құрылысы жағынан негізгі тау жоталарынан өзгеше келеді. Тау жыныстарының үгіліп, бұзылып пайда болған лесс-конгломерат қабаттарынан түзіледі. Беткейлері құрғақ, сай-жыралары көп, жазықтардан 400-500 м. көтеріңкі тұрады. Жаңаарқа жеріндегі адырлардың ландшафтысында эфемерлік өсімдіктер жиі кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентін қайта атау туралы
2.https://anatili.kazgazeta.kz/news/14034
3.https://ru.essays.club/Гуманитарные-науки/География/Қарағанды-облысының-климаты-8376.html
Достарыңызбен бөлісу: |