Реферат тақырыбы: Микроклиматтық факторлар және оның параметрлері Пәні: Еңбекті қорғау Орындаған



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі100,65 Kb.
#86348
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Микроклимат факторлары


М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы.





Кафедра: ТТиС


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Микроклиматтық факторлар және оның параметрлері
Пәні: Еңбекті қорғау

Орындаған: Серікбай А.Д.
Тобы: ТС(СЖД) 17-2қ
Тексерген: Курманова Ш.К.


Алматы-2020
Жоспары:


1. Микроклимат туралы жалпы түсінік
2. Микроклиматтың жіктелуі
3. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
4. Микроклиматты нормалау
5. Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері

Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Қолайлы (комфортный)

  2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)

  3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)

  4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)

  5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)

Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет