Реферат тақырыбы: Микроклиматтық факторлар және оның параметрлері Пәні: Еңбекті қорғау Орындаған



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі100,65 Kb.
#86348
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Микроклимат факторлары

Микроклиматты нормалау
Микроклимат параметрлерін нормалау 12.1.005-88 МемСТ арқылы жүзеге асырылады, бұнда ғимараттың жұмыс зонасы үшін оңтайлы және рұқсат етілетін микроклиматтық шарттар бекітілген. Сонымен қатар стандартпен келесілер қарастырылған:
– жыл мезгілі – жылдың сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10 0С төмен суық және ауыспалы кезеңдері мен +10 0С мен одан жоғары жылы кезеңдер болып бөлінуі;
– жұмыс категориясы – организмнің жалпы энергия жұмсау негізінде жұмыстардың ауырлық бойынша келесідей категоряларға бөлінуі: І – жеңіл физиологиялық жұмыстар – отырып, тұрып және жүрумен байланысты атқарылатын, бірақ жүйелі физиологиялық жүктеме немесе жүкті көтеру мен тасымалдауды талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172 Дж/с (150 ккал/сағ) аспайды; ІІа – орта ауырлықты физиологиялық жұмыстар – ылғи жүріспен байланысты, тұрып немесе отырып орындалатын, бірақ жүктің тасымалдауын талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172-232 Дж/с (150-200 ккал/сағ) құрайды; ІІб – жүріспен және ауыр емес (10 кг-ға дейін) жүктерді тасымалдаумен байланысты физиологиялық жұмыстар; энергошығындар 232-293 Дж/с (200-250 ккал/сағ) құрайды; ІІІ – жүйелі физиологиялық жүктемемен байланысты, атап айтқанда, тұрақты түрде айтарлықтай жүкті (10 кг-нан жоғары) тасымалдау мен қозғаумен байланысты жұмыстар; энергошығындар 293 Дж/с (250 ккал/сағ) астамын құрайды;
– ғимараттың жылулық сипаттамасы (өзіндік жылу шығындары бойынша*) – өндірістік ғимараттардың өзіндік жылу шығындары 23 Дж/мЗ (20 ккал/сағ) шамасына тең, жоғары немесе кем болып бөлінуі. Стандартпен талмыш шарт тек қана жылдың жылы периоды үшін ғана ескеріледі.
*Өзіндік жылу – инсоляция нәтижесінде жұмыс ғимаратына құрылғылардан, жылу беру құралдарынан, жылыту материалдары, адамдар мен басқа да жылу көздерінен берілетін, және ғимараттағы ауа температурасына әсер ететін жылу. Өзіндік жылудың шығындары – өзіндік жылудың қалдықты санын азайту бойынша барлық технологиялық, құрылыстық, көлемді-жобалық, санитарлы-техникалық шаралары (ысыған беттердің жылулық оқшаулануы, құрылғылардың гермитизациясы, ысытылған ауаны жергілікті сорудың құрылғысы) жүзеге асырылғаннан кейін, сыртқы ауа параметрлерінің есебі кезінде ғимаратқа келіп түсетін өзіндік жылудың қалдықты саны.
Микроклиматтың оңтайлы шарттары деп адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің қалыпты функционалды және жылулық жағдайын термореттеу реакциясының ешқандай жүктелуінсіз сақталуын қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің үйлесуін түсінеміз. Олар жылулық комфорт сезімін қамтамасыз етеді және жоғары деңгейлі еңбек қабілеттілігі үшін шарттар жасайды.
Адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің термореттеу реакциясының жүктелуінің функционалды және жылулық жағдайының болатын және тез қалыпқа келтірілетін өзгерістерін тудыра алатын микроклимат параметрлерінің үйлесуін рұқсат етілетін деп атаймыз. Бұл ретте денсаулық жағдайының бұзылу немесе жарақаттануы пайда болмайды, бірақ дискомфорттық жылулық сезімдер, өзін өзі нашар сезіну мен еңбек қабілеттілігінің төмендеуі байқалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет