1. Жауырын-трапеция үшбұрышы, trigonum omotrapezoideum
Қабырғалары:
а) алдыңғы қабырғасы: төс-бұғана-еміздік бұлшықетінің, m .stem ocleidom astoideus артқы бетімен.
ә) артқы қабырғасы : трапеция тәрізді бұлшық еттің, m. Trapezius бұрыштыққа қараған жиегімен. б) төменгі қабырғасы: жауырын тіласты бұлшықетінің төменгі қарыншасы, m .om ohyoideus, venter inferior, арқылы шектелген. Бүл үшбұрыштың маңында мойын өрімінің, plexus cervicalis, сезімтал терілік нервтер мен XI жұп қосымша ми нервтің сабағы орналасқан.
2. Жауырын-бұғаналық үшбұрыш, trigonum omoclaviculare.
а) алдыңғы қабырғасы: төс-бұғана-еміздік бұлшықетінің, m .stem ocleidо mastoideus, артқы бетімен;
ә) төменгі қабырғасы: бұғана сүйегімен, os.clavicula.
б) жоғарғы қабырғасы: жауырын - тіласты бұлшықеттің төменгі қарыншасы мен m.om ohyioideus, venter interior шектеледі. Бұл үшбұрыштың бойында бұғана астылық вена өтеді.
Суретте: Мойынның үшбұрыштары
Достарыңызбен бөлісу: |