2. Медиалді топ
Бастың ұзын бұлшықеті, m. longus capitis
- басталатын жері: processus transversus C3-7
- бекитін жері: pars basilaris ossis occipitalis
- қызметі: басты жан-жаққа бұру; басты алға иіу (екі жақты жиырылғанда).
Мойынның ұзын бұлшықеті. m. longus colli (алдыңғы бұлшықеттің астында орналасады)
- басталатын жері: вертикалді бөлігі – corpusC5-7, Th1-3; төменгі қиғаш бөлігі – corpusTh1-3; жоғарғы қиғаш бөлігі – processus transversus C3-6
- бекитін жері: вертикалді бөлігі – corpus C2-4; төменгі қиғаш бөлігі – processus transversus C5-7; жоғарғы қиғаш – tuberculum anterius atlanti
- қызметі: басты алға және бүйіріне иеді.
Бастың алдыңғы тік бұлшықеті, m. rectus capitis anterior
- басталатын жері: arcus anterior et processus transversus atlantis
- бекитін жері: pars basilaris ossis occipitalis
- қызметі: басты алға иеді
Бастың бүйір тік бұлшықеті, m. rectus capitis lateralis
- басталатын жері: processus transversus atlantis
- бекитін жері: pars lateralis ossis occipitalis
- қызметі: басты бүйіріне иеді.
Суретте:Мойынның ортаңғы топ пен терең бұлшықеттері
Достарыңызбен бөлісу: |