Реферат тақырыбы: «Негізгі стандарттар. Осы стандарттарда белгіленген талаптар. Жіктеуіштер, ұсыныстар»


Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Негізгі мақсаттары



бет4/5
Дата02.03.2023
өлшемі34,4 Kb.
#170820
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
2срсп

2.Мемлекеттік стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау. Негізгі мақсаттары.
ҚР-ның стандарттау заңы бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарының орындалуын қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы, азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық және ақпараттық сәйкестік, өзара алмасылымдық, өлшеу мен таңбалаудың бірыңғайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалағы тек өкілеттілігінде: қадағалау жұмысын сол объектіге ұйымдық бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағалау жұмысы заңнамалық талаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының орындалуын тексеру, салалық және өндірістік стандарт, техникалық құжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қадағалау мен бақылау жұмыстары мемлекеттік стандарттың міндетті шарт, талаптарына қатысты іс қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы бағыттағы мемлекеттік басқару орындары,мемлекеттік қадағалау және бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы:
• санитарлық-эпидемиялық қызмет;
• мал дәрігерлік қызмет;
• фитобақылау;
экологиялық қызмет;
• атом өндірісін қадағалау;
• көлікті бақылау;
• дәрі-дәрмекті бақылау;
кедендік бақылау;
Мемлекеттік стандарттау және жоғарыдағы бақылау орындары облыс, қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздерінің аумақтық орындарын құрады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарын тек қана лауазымды адамдар жүргізеді. Қадағалау жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарттың мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау Мемлекеттік стандарттар органдары және жоғарыда аталған ұйымдар мен мекемелердің өкілетті тұлғалары жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қадағалау жүйесінің мақсаты:
1. өнім, жұмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. өнімнің сапасын талдау жұмыстарын дамыту;
3. өлшем құралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;
4. сертификатталған өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;
5. сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану;
6. аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу; Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:
• стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық құжаттау;
• өнім, үрдіс, қызмет және мемлекеттік қадағалау туралы заңнамаларға сәйкес басқа да нысандар;
Мемлекеттік қадағалау төменгі формаларды пайлдалану арқылы жүргізіледі:
1. кезеңді;
2. қарқынды;
3. бақылаудың ерекше тәртібі;
4. жетекші сынақ және сертификаттау орталықтарындағы тұрақты өкілдік; сертификатталған өнім шығаратын кәсіпорындардағы мемлекеттік инспекциялық қадағалау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет