43. Жарықтандыру құралдары, арматуралар, терезе және ойықтардағы әйнектер таза болуы және ластануына қарай тазаланып отыруы тиіс.
44. Үй-жайлардағы шу мен дірілдің рұқсат етілген деңгейі жұмыс орындарындағы шу мен діріл деңгейінің қолданыстағы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес белгіленеді.
45. Өндірістік үй-жайларды жобалағанда, құрылысын қайта қалпына келтіргенде және пайдалану барысында шудан қорғайтын мынадай шаралар орындалуы тиіс: дыбысты өткізбейтін құрылыс материалдарымен үй-жайларды әрлеу; электр двигательдерін дыбыс сіңіретін қаптаманы қолдана отырып амортизаторларға қондыру; жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға қондыру; жабдықтарға уақтылы, алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу; музыкалық құралдардың дауыс қуаттылығының шығуын шектеу; Негізгі төбе жапқыштан 40-50 см (бұдан әрі - см) ара қашықтықта ілінген төбе жапқыш құрылғылар болуы тиіс.
Шоттарда қарастырсақ Өндіріс шығындары 8010 "негізгі өндіріс" шотында бөлек ескеріледі, ал 7110 "өнімді өткізу бойынша шығыстар" шотында жеке айналымдар, басқаруға байланысты шығыстар 7210 "әкімшілік шығыстар"шотына жатқызылады.
7 "тауарлық-материалдық қорларды есепке алу" бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес әкімшілік мақсаттағы шығыстар және өндіріс көлеміне тәуелді емес тауарларды өткізу жөніндегі шығыстар өткізілген тауарлардың нақты түрлерімен байланысты емес тұрақты шығыстар ретінде айқындалады, сондықтан олар уақыт кезеңдері бойынша есептеледі және кезең шығыстары ретінде танылады. Осыған сүйене отырып, өз өнімдерінің нақты құнын есептеу мүмкін емес. Өнеркәсіптегі калькуляциядан алынған 8010 "негізгі өндіріс" шоты қоғамдық тамақтандыруда материалға айналады және тек ас үйдегі өнімдердің қозғалысын есепке алу үшін қолданылады.
Операция
Дебет
кредит
Жабдықтаушылардан өнімдер мен тауарларды қабылдау
1331 «Қоймадағы тауарлар»
3311 «Кредиторлық берешек»
Жабдықтаушымен қолма-қол ақшамен есеп айырысу
1251 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу"
1010 Кассадағы қолма-қол ақша»
Өнімдерді қоймадан өз өндірісіне шығарды
8110 «Негізгі өндіріс
1331 «Қоймадағы тауарлар»
Буфетке сату үшін (қосымша өңдеуді қажет етпейтін) тауарларды шығару (баланстық құны бойынша)