ТАҚЫРЫБЫ: Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастырауға қойылатын талаптар Орындаған:Шоқан Риза
Тексерген:Тойлыбаева Жанар
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………...
3
1. Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар………………………………………………………………………….
4
2. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар……………………………………………………………
5
Қортынды………………………………………………………………………
8
Кіріспе Қоғамдық тамақтандыру объектілерін (бұдан әрі - объектілер) орналастыру, жер учаскесін беру, құрылыс пен қайта жөндеу туралы жобалық құжаттарды бекітуге, пайдалануға беруге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
Объектілер оңаша тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған үй-жайларда, алаңы 700 шаршы метрден артық болмайтын ғимараттардың бірінші қабаттары мен төменгі қабаттарында, сол сияқты өнеркәсіптік және басқа да объектілердің аумағында орналаса алады. Бұл жағдайда қоғамдық тамақтандыру нысандарымен қатар немесе олардың үстінде орналасқан адамдардың тұрмысы, дем алу, емделу, еңбек етудегі санитарлық-гигиеналық жағдайлары нашарламауы керек.
Тұрғын үйлердің бірінші қабатына орын саны 50-ден аспайтын және жұмыс режимі сағат 23-ке дейін қалыптасқан объектілерді орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрғын үйлерде орналасқан объектілердің тұрғындар бөлігінен оқшауланған кіретін есігі мен эвакуациялық шығатын есіктері болуы керек. Азық-түліктік шикі заттар мен тағам өнімдерін тұрғын үйлердің ауласы жағынан қабылдауға рұқсат етілмейді. Өнімдерді тиеу тұрғын үйлердің терезелері жоқ, жер асты туннелдерінің магистраль жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлары арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Өндірісі шағын объектілер үшін жүкті түсіру-тиеу негізгі кіретін есік арқылы, жұмыс басталарға дейін жүргізуге рұқсат етіледі. Тұрғын үйлердің бірінші қабаты терезесінің астына, тротуарларға қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарын орналастыруға, тағам дайындайтын технологиялық жабдықтарын, дыбыс шығаратын аппаратураларын орнатуға рұқсат етілмейді. Объектілерде тұрғын үй-жайларын, қоғамдық тамақтандырумен байланысы жоқ жұмыстар және қызмет көрсету орындарын орналастыруға, хайуанаттар мен құстарды ұстауға болмайды.
Объектінің аумағы таза ұсталынып, көркейтіліп, қасында уақытша автокөлік қоюға арналған алаңдар қарастырылуға тиіс, қоқсықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді қоюға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң болуы керек. Контейнерлер алаңның шетінен кем дегенде 1 метр қашықтықта орналастырылады. Қоқсық жинағыш алаң нысаннан және тұрғын үйлердің есік пен терезелерінен кем дегенде 25 метр (бұдан әрі - метр) қашықтықта орналастырылады. Қоқыс жинайтын алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде, жергілікті атқару органдарымен келісе отырып, жалпы аулалық қоқыс жинауға арналған алаңдарда орналастыруға рұқсат етіледі.
Алаңнан қоқсық контейнерлердің 2/3 көлемі толған кезде шығарылып, жұмыстың аяғында олардың іші кальцийленген соданың 1% ыстық (45-50оС) ерітіндісімен немесе Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген заттардың реестріне сәйкес басқа жуғыш заттармен жуылып, тазартылуы тиіс.