білу (еске түсіру);
қолдану (байланыстарды орнату);
ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):
Достарыңызбен бөлісу: |