Өкпе синдромының даму тетіктерінің шығуы
Біріншілік эмфизема - эмфиземаның жеке нозологиялық түрі, ол ешқандай басқа сырқаты жоқ өкпеде дамиды. Бұл өте сирек кездесетін патология. Оның туындау себептеріне өте зиянды аэрозольдардың және қоспалардың ауамен бірге өкпеге енуі, сурфактант қасиеттерінің өзгеруі, α-1-антитрипсиннің тапшылығы, протеаза-антипротеаза жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуы және шылым шегу жатады. Екінші топтағы факторлар өкпенің респираторлық бөлімінде қысымның жоғарылауына және альвеолалардың, альвеоларлық жолдардың, респираторлы бронхиолалардың керілуінің жоғарылауына әкеледі. Осылардың ішінде созылмалы обструктивті бронхит кезінде дамитын тыныс жолдарының обструкциясына көп көңіл бөледі. Бұл ауру екіншілік немесе обструктивті эмфиземаның негізгі себебі, бұл кезде альвеолалардың шектен тыс керілуінің клапандық механизмінің дамуына жағдай туады.
Екіншілік эмфизема - негізінен обструктивті бронхит пен бронхиолитқа байланысты дамиды. Солардың ішінде α-1-антитрипсиннің орны ерекше. Қалыпты жағдайда лейкоциттердің, альвеолалық макрофагтардың, микроорганизмдердің белоктарды ыдырату мүмкіншіліктерін осы белок басып тастап отырады. Егер α-1-антитрипсин белсенділігі төмендегенде, белокты ыдыратушы ферменттер белсенділігі күшейіп, осы жердегі өкпе тінін, эластикалық талшықтарды, альвеола іргесін тікелей бұзады. Өкпе өзінің серпімділік қасиеттерін жоғалтып, альвеола іргесі жұқарады, сөйтіп альвеолалар көлемі үлкейіп, диффуздық эмфизема пайда болады. Морфологиясы бойынша ол панациноздық эмфиземаға жатады.
Патогенезі
Қабыну ошақтарында эпителий жасушаларының гиперсекрециясына байланысты пайда болған шырышты экссудат клапанды механизмнің пайда болуына, яғни ауаның тек бір жаққа (респираторлық бронхиолалар жағына) қарай өтуіне себеп болады. Жиналған ауа альвеоланың, бүкіл ацинустың кеңейіп ауамен толып кетуіне, центроацинарлық эмфиземаның дамуына соқтырады.
Центрациноздық эмфиземада - өкпенің жоғарғы екі бөлігі зақымданады. Ацинустардың арасында үлкен, ауамен толған, көпіршіктер пайда болады. Өкпенің шеттері және төменгі бір бөлігі өзгермеген.
Патогенез негізінде өкпенің респираторлық бөлімінің өзгерісі жатыр, өкпенің эластикалық қасиетінің төмендеуінен тыныс шығарғанда, кеудеішілік қысымның жоғарылауынан шеміршек негізінен айырылған және эластикалық қасиеті жоғалған ұсақ бронхтар пассивті ыдырайды, осыдан альвеоладағы қысым жоғарылайды және бронхиальдық кедергі артады.
Патогенез негізінде өкпенің респираторлық бөлімінің өзгерісі жатыр, өкпенің эластикалық қасиетінің төмендеуінен тыныс шығарғанда, кеудеішілік қысымның жоғарылауынан шеміршек негізінен айырылған және эластикалық қасиеті жоғалған ұсақ бронхтар пассивті ыдырайды, осыдан альвеоладағы қысым жоғарылайды және бронхиальдық кедергі артады.
Біріншілік эмфизема кезінде дем алғанда бронхиальды өткізгіштік өзгермейді. Центролобулярлық эмфизема - созылмалы бронхит кезіндегі созылмалы бронхиальды обструкциядан дамиды.
Бронхиальды кедергінің жоғарлауынан ұсақ бронхтар басылып қалады, альвеоланың қалпына келуі қиындап, олар керілуі болады, одан әрі альвеолалық перделер десструциясы дамиды. Перфузия мен вентиляция қатынасының бұзылуынан тыныстық ацидоз дамиды.
Өкпелік көлемдер эмфиземада әртүрлі деңгейде өзгереді. Мысалы, қалдық көлем және функционалды қалдық сыйымдылық қалыпты көрсеткіштерден жоғары болады. Сондай-ақ өкпенің жалпы сыйымдылығы да жоғарылайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жиі төмен болады.
Бұл синдромға келесі өзгерістер тән:
Өкпе тінінде патологиялық себеп-шарттарының әсер етуі: агрессивті улы аэрозольдардың енуі (темекі түтінінің) өкпенің микроциркуляциясын бұзады, мукополисахаридтерінің алмасуы бұзылады, өкпеде коллаген мен эластиннің α-1-антитрипсинінің туа біте жетіспеушілігі, протеазалар ингибиторлары, андрогендер-эстрогендер жүйесіндегі физиологиялық тепе-теңдік жойылады;
Ұсақ бронхтар мен терминалды бронхиолалардың обструкциясы, альвеолалар ішінде қалдықты ауаның көбеюі (созылмалы обструктивті бронхит, ұзаққа созылған демікпе ауруы) немесе бронхиолалар мен альвеолаларға таралған қабыну үрдісі (созылмалы, жедел пневмония, туберкулездің кейбір түрлері, бронхоэктазиялық ауру және өкпенің профессионалды аурулары) бар аурулар;
Дем алу мен дем шығаруды реттейтін тыныс орталығының қызметінің бұзылыстары (мидың шайқалуы немесе зақымдануы) кезінде байқалады.
Өкпенің ауамен үлпілдену синдромының микроскопиялық көрінісіне: ентігу, жөтел, теріде және шырышты қабаттарда көрінетін цианоз, дене массасының азаюы, қосымша тыныс алу бұлшықеттерінің қосылуы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі, сырылдардың пайда болуы, артериялды гипертензия, соның салдарынан пайда болған бас айналу, естен тану, құрсақішілік қысымның жоғарлауы, венозды қанның жүрекке қайтуының бұзылуы жатады.
Өкпенің ауамен үлпілдену синдромының клиникалық симптомы
Ентігу, бөшке тәрізді кеуде клеткасы, оның тыныстық экскурсиясының азаюы, қабырға аралықтардың кеңеюі, бұғанаүсті аймақтардың ісінуі, қорабтық перкуторлы дыбыс, тыныстың әлсіреуі, жүректің салыстырмалы тұйықтығы аумағының азаюы, диафрагманың төмен тұруы және оның қозғалғыштығының азаюы,рентгенограммада өкпе алаңдарының мөлдірлігінің жоғарлауымен сипатталады. Біріншілік эмфиземаға екіншілік эмфиземаға қарағанда, ауыр ентігу тән. Осымен (жөтелсіз) ауру басталады. Науқастарда тыныштық жағдайдың өзінде желдетілу көлемі ұлкен болады, сондықтан олардың физикалық күшке толеранттылығы өте төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |