Реферат тақырыбы: Орманды жанама пайдалану Орындаған: Қасымов Ермахан Тексерген: Нурлаби А. Е нұр-Сұлтан, 2022 мазмұНЫ


Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу



бет2/8
Дата25.03.2022
өлшемі37,99 Kb.
#136718
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Орманды жанама пайдалану (1)

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу

және мал жаю үшін жарамды алқаптарды анықтау

Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қоры учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер анықтайды.
Шөп шабу үшін ең алдымен осы мақсатқа жарамды мемлекеттік орман қорының құрамына енетін ауыл шаруашылық жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және ормандарды табиғи және жасанды жолмен қалпына келтіру немесе шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсарту жөнінде басқа да шаралар жүргізу көзделмеген орман көмкермеген басқа да жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз алқаағаштардың жекелеген учаскелері пайдаланылуы мүмкін.
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шөп шабу мүмкін болатын алқаптарды орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ түгелдеу материалдарының және ормандардың басқа да зерттеулерінің негізінде орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.
Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде (ормансыз, орман көмкерген және орман көмкермеген) осы Ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормаларына сәйкес рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелерді таңдау орман жайылымдықтарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдары және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Жайылымдық айналымы жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.

Жайылымдық айналымының алқабы:


өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
жайылымдықтардың бітік өсу, оларға мал жаю деңгейін;
эрозияға ұшырау процестерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
"демалыс" берудің қажеттігі, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.
Орманды дала мен шоқ ағашты ормандардың оңтүстік бөлігінде алаңдарды шөп шабу үшін және оның орнын мал жаю үшін пайдаланбаған жөн. Жайылымдықтарды пайдаланудың негізгі тәсілі үш мәрте және бір мәрте мал жаюды алмастырып отыру болып табылады.
Орманды даланың солтүстік бөлігінде төрт кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.
Жартылай шөлейт аймақта екі танапқа екі-үш рет мал жаюды және үш танапқа бір рет мал жаюды алмастырып отыратын бес кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.
Эрозияға жол бермеу немесе оның ықтимал мүмкіндігін төмендету үшін мал жаюды жайылымдық айналымының қабылданған жүйесі бойынша жүргізу қажет. Эрозияға ұшырайтын жайылымдықтарда мал жаю мөлшерін төмендету, ал тым күшті байқалған эрозиялық процестерде - мүлдем мал жаймау дұрыс болады.
Мал жаюға: биосфералық және сепортер-қорықтарды, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштерін қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандарында, гендік резерваттарды, аса құнды орман алаптарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде;

мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи орман резерваттарының, мемлекеттік табиғи орман аймақтарының қорық режимі аймақтарында;


мемлекеттік табиғи қорықтар құруға не мемлекеттік табиғи-қорық қорының, ерекше құнды табиғи және басқа да кешендердің объектілерін сақтау үшін қалдырылған мемлекеттік қорық аймақтарының учаскелерінде;
орман парктерінде, орман жемістері екпелерінде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың орман паркі бөліктерінде, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау ормандарында және курорттардың санитарлық қорғау ормандарында, мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында, эрозияға қарсы және субальпілік ормандарда, аса құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында, ерекше қорғалатын орман учаскелерінде;
орман дақылдары мен фито-орман мелиоративтік екпелер ұшарбасын мал бүлдіріп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін солардың алқаптарында, орман тұқымы және дәрі-дәрмектік плантациялар мен учаскелерде, шырша-қарағай-балқарағай, тал, терек, жаңғақ жемісі және жеміс-жидек плантацияларында, сондай-ақ орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргізілетін учаскелерде;
жас өскін мен өркен ұшарбасын мал бүлдіріп кетуіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін өміршең өркені дамыған табиғи жас өскіндер мен екпелерде;
орманды табиғи жолмен қалпына келтіру есебімен ормандарды қалпына келтіру мақсатында ағаш кесуді жүргізу үшін белгіленген екпелерде, сондай-ақ ағашы кесілген жерлерде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуді жүргізуді айқындайтын нормативтік құқықтық актіге сәйкес табиғи жолмен қалпына келтіруге арналған басқа да орман көмкермеген алқаптарда;
жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік және техникалық шикізаттарды кәсіпшілік мақсатта дайындау аймақтарында;
топырағын су тез шайып және жел ұшырып кететін алқаптарда тыйым салынады.
Мал жаю үшін тыйым салынған учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау шараларының жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бақташысыз мал жаюға ерекше жағдайларда, шалғайдағы, жол қатынасы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жол беріледі. Осындай аудандардың тізбесін облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілді орган бекітеді.
Ұйымдастырылған аңшылық шаруашылығы бар мемлекеттік орман қоры аумағында иттермен мал жаюға болмайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкілерді арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана жаюға болады.
Мал иелері қажет болған жағдайларда мемлекеттік орман иеленушілердің нұсқауы бойынша орман дақылдарын, питомниктерді және мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерін сақтау мақсатында мал айдап өтетін жолдарды, сондай-ақ жайылымдықтарды қоршап қоюға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет