Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университет
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Орманды жанама пайдалану
Орындаған: Қасымов Ермахан
Тексерген: Нурлаби А.Е
Нұр-Сұлтан, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Орман адам қоректену үшін немесе шикізат ретінде пайдаланылатын түрлі өнімдердің қайнар көзі болып табылады. Орманда ағашпен бірге саңырауқұлақ, жидек, дәрілік өсімдіктер түрлері, балшырынды – өсімдіктер таралған. Орман қорында сонымен қатар шабындықтар мен жайылымдар көлемі бар. Орман кодексіне сәйкес қосымша пайдалануға ағаш сөлдерін дайындау, жабайы өсетін жемістерді, жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды жинау мен дайындау, дәрілік өсімдіктерді және техникалық шикізатты жинау мен дайындау, омарталарды орналастыру, шөп шабу және мал жаю кіреді.
Қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалану орман шаруашылығына зиянын тигізбей жүзеге асырылады және кәсіптік мақсатта тек арнайы рұқсат, орманшылықтарға берілетін орман билеті, бойынша ғана жіберіледі. Орман билетінде пайдалану түрі, мөлшері, мерзімі және орыны, сонымен қатар пайдаланушының міндеттері көрсетіледі. Қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалануды жүзеге асыру үшін орман қорының учаскелерін қысқамерзімді (1 жылға дейін) немесе ұзақмерзімді (15 жылға дейін) пайдалануға беріледі.
Қосымша орман пайдалану ресурстары және олардың территориялық орналасуы, сонымен қатар осы ресурстарды пайдаланғандағы жылдық өлшем орман құрумен анықталады және қажет жағдайда орманшылықтармен орман қорының учаскелерін көзбен көріп тексеріледі. Орманды қосымша пайдаланудың ағымдық есебі орманшылықтардағы есеп кітабына тіркеледі. Қосымша пайдаланудың ресурстарын бөлу туралы ұсыныстар орманшылықтарда түскен ұсыныстарды есепке ала отырып жасалынады. Және де ең алдымен орман шаруашылық ұйымдарының қажеттіліктері ескеріледі. Орман билеттері орманпайдаланушылар төлем енгізген соң немесе келісімшарт пен лицензия болған жағдайда беріледі. Орман билеттері қысқа мерзімді пайдалануда бір жылға дейін беріледі, ұзақ мерзімді пайдалануда – жыл сайын беріледі. Орман билеттері қатаң есептегі бланкі болып табылады және белгіленген тәртіпте сақтауға жатады.
Орман пайдаланушылар рұқсат етілген орында, рұқсат етілген ресурстарды, рұқсат етілген мерзімге дейін пайдалануға міндетті. Қажет болған жағдайда орманшылықпен келісілген жерлерде уақытша типтегі құрылысты жабдықтауға болады. Барлық ғимараттар мен құрылыстар пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін үш айдын ішінде жиналуы қажет, олай болмаған жағдайда орманшылыққа өткізіледі.
Орманшылықтар қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалану ережелерінің сақталуын бақылап отыруға міндетті. Осы мақсатта пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде жыл сайын учаскелерді куәландыру жүргізіледі және сәйкес форма бойынша акт құрылады. Куәландыру актісі орманшылық жетекшісімен бекітіледі және пайдаланылған өнім үшін орман пайдаланушының соңғы есебі үшін негіздеме болып табылады. Қосымша орман пайдалану уақытында ағаттықтар кеткен уақытта орманбұзушылық туралы хаттама жазылады. Орман пайдаланушылардың қосалқы орман ресурстарын дайындау және орманды қосымша пайдалануын бақылау мемлекеттік орман қорғаумен басқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |