Реферат тақырыбы: osi деректер беру моделі. Модель деңгейлері Орындаған: Қонар Ж. Жоспары: Кіріспе


OSI моделінің жеті деңгейіне тоқталып, жұмыс жасау ережелері



бет2/2
Дата21.11.2023
өлшемі31,6 Kb.
#192689
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Модель денгейлери Конар Ж

OSI моделінің жеті деңгейіне тоқталып, жұмыс жасау ережелері Қосымша деңгей бұл ең жоғарғы деңгей. Қосымша деңгей қолданушымен желі арасында өзара интерфейсті қамтамасыз етеді: деректерді базаға жалғау, электронды почтамен жұмыс істеу, файл орындарын ауыстыру, қолданушы мен желі арасындағы көптеген программалық қамтымаларды, соңғы қолданушыға дейінгі байланысу буындарын қолдайды. Осылайша, желілік қосымша протоколдар әрқашанда осы деңгейде болады. Әр түрлі компьютерлерде орналасқан қолданбалар қатынасын бір компьютерде істегендей қамтуға мүмкіндік береді. Программист желіге жасаған қолданбалары осы деңгеймен байланысады. Ол қажет болса тапсырманы төмен стекпен жібереді. Тұтынушы қолданбасы OSI — моделін қолданғанда бірінші қосымша деңгейіне сұрау жібереді, мысалы файлдар қызметіне. Осы сұрауға байланысты қосымша деңгейі хабарлама (message) құрастырады. Хабарлама екі бөліктен тұрады: бас тақырыбы мен деректер жиыны. Бас тақырыбында хабарламаны алатын машина — адресатқа арналған қызмет ақпараты сақталады. Ақпарат мазмұны файлдың орналасқан жері мен онымен істелетін жұмыс болуы мүмкін. Хабарламаның деректер бөлігі бос немесе алыста орналасқан файлға жазуға ұсынылған деректер болады. Қосымша деңгейі хабарламаны құрастырып болған соң оны ұсынылатын деңгейге жібереді. Ұсынылатын деңгей хабарламаны алған соң, оның бас тақырыбын оқып, қажет болған шараларды орындап, бас тақырыбына алушы компьютердің түсінісу деңгейіне арналған өзінің қосымша қызмет ақпаратын қосып төменгі сеанс деңгейіне жібереді. Нәтижесінде бұл деңгей деректердің арасында әртүрлі программалық және ақпараттық жоспарда деректі беруде қолданылатын түрлі форматтарды қамтамасыз етуге қызмет атқарады. Мыс: бір түйінде символды беруге бір байт, басқа түйінде екі байт қолданылса, Ұсынылатын деңгей екі түйін арасында болған деректердің алмасуында мәнді қызмет атқарады. Қажет жағдайда Ұсынылатын деңгей деректер пакетін қысады және кері айналдыруы мүмкін. Нәтижесінде компьютердің қайта жүктелуі желілік траффикті төмендетеді. Ұсынылатын деңгей деректерді кодтауда және қайтадан кодтауда қажетті қызмет атқарады және деректерді беру уақытында оның қорғалуын қамтамасыз етеді. Бүл деңгейде желі редиректоры жұмыс істейді. Редиректор арқылы клиент серверде орналасқан файлдарды көре алады, алыстағы қосылған принтер жұмысын қасында орналасқандай қолданады. Сеанстық деңгейде екі байланысатын түйіндердің бірігуі қойылады, басқарылады және синхронизацияланады. Екі түйін өзара байланыс сеансын қойғаннан кейін бір-бірімен ақпарат алмаса алады. Бұл екі түйіннің өзара логикалық байланысы. Сеанстық деңгейде деректер жиынын бағыттауды басқаруға болады. Бағытталған деректер жиынына сәйкес, сеанс мынадай түрде болады:

  • Симплексті: тек бір түйін бір ғана уақытта мәліметті беруді жүргізуі мүмкін.

  • Жартыдуплексті: Бір түйін деректі береді, осы уақытта басқа түйін қабылдауы мүмкін. Бірақта екі түйінде берілуді бір уақытта жүргізе алмайды.

  • Дуплексті: Екі түйінде бір уақытта деректі береде, қабылдайда алады.

Транспорттық деңгейде берілетін деректер сегменттерге бөлінеді және барлығы қайтадан жинақталады. Егер жоғарғы деңгей деректердің үлкен пакетін генеирлесе, ал Транспорттық деңгей пакеттерді кішкене сегменттерге бөледі және соңынан төмен деңгей түрінде қабылданады. Басқа жағдайда төмен деңгей Транспорттық деңгейге кішкене сегменттерді береді. Мұнда бұл сегменттер үлкен пакетке жинақталады, бірігеді. Дегенмен Транспорттық деңгей сегменттеу мен деректерді жинақтаумен айналыссада, ол сегменттердің дұрыс берілуін, яғни әр деректер жиынының дұрыс қойылуын тексереді. Транспорттық деңгейде қателікті бақылау қызметі қамтылған. Егер пакет берілуде жоғалса, онда Транспорттық деңгей оны анықтап интервал арқылы береді. Транспорттық деңгейде сегменттерді деректерді беруді бақылау соммасы қосылады. Бақылау соммасы сегменттің деректі беруде бүліну фактасын айқындауда қолданылады. Егер сегмент бүлінсе Транспорттық деңгей сәйкес сегментті қайтадан береді. Транспорттық деңгей мына функцияларға жауап береді:

  • Сегментте деректерді ұйымдастыру немесе үлкен сегменттерді әлде қайда кішкенеге бөлу.

  • Сегменттерді адрестеуге жеткізу.

  • Қателіктер бақылауын қамтамасыз ету.

Желілік деңгейде әр желі түйінінің бірегей адрестелуі қамтамасыз етіледі. Түйіннің бірегей адрестелуінің байланыс каналы деңгейінің адрестеуінен айырмашылығы біріншісінің бір локалді желілер байланысында қолданылуы. Бірақта, егер А желілік түйініне В желілік түйіні байланысуы қажет болса, онда бұл каналдық байланыс деңгейінің адресациясын қолдануда мүмкін емес. Әртүрлі желілер байланысында желілік деңгей адрестеуінің арнайы схемасы қолданылады және логикалық адрестеу деп аталады. Екі бөлек желідегі екі түйінді байланыстыруда осы желілік деңгейде қамтылған бұл түйіндердің логикалық адрестеулері қажет. Желілік деңгей барлық желінің мүмкін маршруттарына жетуін және түйіннің желіге жетуіне дұрыс жолды анықтауға жауап береді. Бұл процесс маршруттау деп аталады.
Желілік деңгей мына функцияларға жауап береді:

  • Желі түйінінің уникалды желілік адресімен қамтамасыз етеді.

  • Деректерді желімен беруі.

  • Желілік траффикті басқару.

  • Маршрутты талдау және тандау

Арна деңгейі желінің кез-келген түйінінің иденфикациялық бірегей қамтамасыздандырылуы. Сондықтан мұнда желілік адрес қолданылады, яғни бұл мақсатта әр түйіннің әр желілік картасының аппараты кодталады. Бұл деңгей деректі берудегі қателікке жауап бергенімен, оны жөндеуге жауап бермейді.Арна деңгейі байланысы екі түрге бөлінеді:

  • Деректі беру ортасын рұқсатпен басқару: бұл ішкі деңгей желі түйіндерінің өзара бірігуіне көмектеседі және ол түйіннің физикалық адресі – Mac address туралы анықтама береді.

  • Логикалық бірігу арқылы басқару – LLC : бұл ішкі деңгей желінің екі түйінінің өзара қатынасын логикалық байланыс арқылы ұйымдастырады және басқарады. Желінің ішкі қателіктерімен ағымдарына бақылау жасайды.

Арна деңгейі деректерді берудің келесі аспекттеріне жауапты:

  • Желінің әр түйінінің бірегей идендификациясын қамтамасыздандыру.

  • Физикалық деңгейден кадрлар деп аталатын топтарға өрнектелетін деректер биттері.

  • Деректі беру жолында пайда болатын қателерді анықтау.

  • Деректер пакеттерінің ағымдарын – кадрлармен басқару.

OSI — моделі екі негізгі протоколдарды қарастырады: байланысты орнату арқылы істейтін протоколдар (connection oriented) және алдын ала байланыс орнатуды қажет етпейтін протоколдaр (connectionless). Біріншісі хабарлама жіберу алдында байланысты орнатқанын қажет етеді. Ол көбіне телефон арқылы жасалады. Екіншісі дейтаграмдық деп аталады да, почта жәшігіне хат салғандай, хабарламаны байланыс жоқ болсада жібере береді.

OSI

TSP/IP

Қосымша деңгейі (Application Layer)

Application layer – қолданба деңгейі

Ұсынылатын деңгей
(Presentation Layer)

Сеанс деңгейі (Session Layer)

Транспорт деңгейі
(Transport Layer)

Transport layer- негізгі көлік деңгейі

Желілік деңгей
(Network Layer)

Internet- желі арасындағы байланыс деңгейі

Арна деңгейі (Data Link)

Physical layer – желі интерфейс деңгейі

Физиқалық деңгей (Physical Layer)

OSI моделінің структурасы TSP/IP –да өзгертіліп қолданады. Олардың сәйкестігі 2, 3 — кестелерде көрсетілген.
Компьютерде TSP/IP операциялық жүйеге тәуелсіз жұмыс істейді. TSP/IP протоколының ең маңызды саласы ол интернет деңгейі. Осы деңгей арқылы пакеттер дейтаграммалық амалмен, яғни алдын ала байланыс жасамай тасымалданады. Осы деңгей пакеттерді желі арқылы ең ыңғайлы маршрутпен тасымалдайды. TSP/IP-компонентері-ол бір ғана протокол емес, ол протоколдар жиыны [6]. TSP/IP пен Internet тікелей байланыста. TSP/IP архитектурасын интернет архитектурасы деп атайды. Оның алғашқы мақсаты аз уақытта файлдармен алмасу. Соның арқасында FTP пайда болады. Одан кейін алыста орналасқан компьютермен терминал арқылы байланыс қызметін басқаратын telnet пен rlogin пайда болады. Трафик өскен сайын байланыс қызметін жақсы атқаратын жаңа протокол қажет болады. TCP/IP пртоколының қолданба деңгейі тұтынушының қолданбасымен байланысады. Оған ешбір құрылғылардың өзгерістері әсер етпеуі қажет. Транспорт деңгейінің протоколдары желі интерфесіне тәуелді, бірақ олар соңғы нүктелерде ғана орнатылады. Екі төменгі деңгейдің протоколдары желіге тәуелсіз. Олар компьютерлерде де маршрутизторларда да орындала береді. Әр коммуникациялық протокол белгілі бір ақпарат бірлігімен байланысты.

Қорытынды


Қазіргі таңда Интернеттің қолданылуы электрондық почта хабарламаларын қабылдау мен жөнелтуден басқа, онымен жұмыс істейтін адамдарға нақты тақырыптар бойынша жинақталған ақпараттарды оқып, өз ақпараттарымен толықтыруына мүмкіндік береді. Интернетті пайдаланушы барлық адамдарға потенциалды түрде хабарлауға тұратындай өте қарапайым тәсіл барлық қажетті ақпараттарды өздерінің жеке сайттарына орналастыру. Қазіргі уақытта Білімді ақпараттандырудың Республикалық орталығы педагогика мен оқыту саласындағы озық тәжірбиелерді тиімді пайдалануға жол ашатын, оқытушылармен, студент, оқушыларға арналған материалдармен өзінің білім порталын толықтыру жұмыстарын жүргізу барысында өте тиімді салыстырмалы түрде қолданылуда.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



    1. https://stud.baribar.kz/5289/osi-modelininh-denhgeyleri-zhane-tcpip-modelime/

    2. www.wikipedia


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет