Реферат тақырыбы: Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан Орындаған: бж-201топ студенті Казыкен А. Ж


Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай



бет4/6
Дата16.10.2023
өлшемі31,61 Kb.
#185844
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан
Основными целями прохождения данного вида практики (2), JAVASCRIPT тілінде бағдарламалау, 137131, гулеке, 15 Банктердің қаржылық есеп беру, Жаратылыс тарихы, кванттық физика, 002243766023-2 (1), Абакирова Ания БТ 211, реферат Ания, Мақала. Абдуллаев Далер. СиС-221., «Фармакогнозия» пәні бойынша, Тест АКТ каз (1), Логистика 20231214 014624 0000
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай

Радиоактивтіліктің екі түрі бар:


1) табиғи; 2) техногенді;
Табиғи радиоактивтілік миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейігі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болатын. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде адиоактивті болады. Адам денесі тканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий – 87, калий – 40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80%-ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де,радиацияның негігі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтағанмен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады. Адамның ионды сәулеленуіне радон және оның ыдырау өнімдері әсер етеді.
Радон-бұл  радиоактивті инертті газдың негізгі көзі – жер қыртысы. Іргетастағы, қабырғадағы жарықтар мен сызаттар арқылы радон бөлмелерге енеді және ұзақ мерзімге дейін сақталады. Радонның жабық бөлмедегі тағы бір көзі-бұл құрылыс материалдарының өзі болып табылады. Бұл құрылыс материалдарының құрамында табиғи радинуклиттер болады. Сондай – ақ радон үйлерге су арқылы да жеткізілуі мүмкін (әсіресе су артезиандық скважиналардан алынатын болса). Радон табиғи газдың жану прцесінде және тағы басқа жағдайларда пайда болуы мүмкін. Радон ауадан 7,5 есе ауыр. Осының нәтижесінде радонның концентрациясы биік үйлердің жоғарғы қабатында төменгі қабатқа қарағанда әлде қайда аз болады. Радонмен сәулеленудің негізгі дозасын адам жабық, желдетілмейтін орында отырып қабылдайды. Бөлмені күнделікті желдете отырып, радон концентрациясын бірнеше есеге азайтуға болады
Техногенді радиоактивтілік – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болвтын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және т.б. жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.
Әрине, сонымен бірге ядролық қаруды сынау, атом энергетикасының кәсіпорындары мен өнеркәсіп орындары бұған өте үлкен үлес қосуда. Радиоактивті көздердің таралуы мүмкін екендігі сөзсіз; бұл-авариялар, радиоактивті заттардың шашырап, шашылуы және тағы басқалар. Қуанышқа орай бұндай оқиғалар жиі болмайды.
XX ғасырдың екінші жартысынан бері биосфераның радиоактивті ластануы шапшаңдай түсті. Онда радиоактивтік заттардың таралуы жыл сайын артып отыр. Географиялық қабықтың сан милион жылдар бойына тұрақты қалыпта болып келген радиоактивтік фон деңгейі көтеріле бастады. Бұл процестің келешектегі барлық зардаптарын болжап білу қиын.
Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Осы жарылыстардың салдарынан 1945-жылдан бері атмофераға түрлі рдиоактивті изотоптар, оның ішінде ұзақ уақыт сақталатын радиоактивті заттар тарала бастады. Олар атмосферадан топыраққа, беткі және грунт суларына, мұхиттар мен теңіздерге, тірі организмдерге түседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет