Қазақ технология және бизнес университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан
Орындаған: БЖ-201топ студенті Казыкен А.Ж.
Тексерген: аға оқытушы Такирова А.
Астана 2022
Мазмұны
Кіріспе
Изотоптар.
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Радиоактивтілік құбылысы ашылғаннан кейін бұл құбылыс ғылымда, техникада, медицинада, өнеркәсіпте кеңіне қолданыла бастады.
Табиғи жолмен пайда болған радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады. Жасанды радинуклидтер қару-жарақ өнеркәсібі мен атом энергетикасында қосымша өнім ретінде көп мөлшерде пайда болады. Радинуклидтер табиғаттада кездеседі.(Кейбір табиғи радинуклидтердің гидросферадағы, биосферадағы, ауадағы және топырақтағы мөлшері қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген).
Қоршаған ортаға түсе отырып, радинуклидтер тірі ағзаларға әсерін тигізеді. Олардың негізгі қауіптілігі де осында. Бұл қауіпті дұрыс бағалау үшін табиғи ортаның ластану масштабы радинуклидтер қосымша өнімі болып табылатын өнеркәсіп орындарының пайдасы, бұл кәсіпорындардардан бас тартқандағы келетін шығындар, радиацияның әсер ету механизмі және радиациядан қоғану шаралары туралы айқын түсінік болуы шарт.
Радиация немесе иондаушы сәуле шығару – бұл бөлшектер мен гамма-кванттар.
Олардың энергиясы затқа әсер ету кезінде әртүрлі таңбалы иондарды туғызу үшін жеткілікті. Радиация құбылысын химиялық реакциялар көмегімен алу мүмкін емес.
Радиацияның бірнеше түрі бар:
Альфа бөлшектер – салыстырмалы түрде ауыр, оң зарятталған бөлшектер, гелий атомының ядролары.
Достарыңызбен бөлісу: |