Реферат Тақырыбы: С++ тілінің құрылымы Дайындаған: Хамзаева К. А қабылдаған: Сермаханов Р. Н тобы: ет9-10г



бет3/12
Дата13.02.2023
өлшемі416,17 Kb.
#168607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
c

5

1.2 сурет. Орындалатын программаны құру сатылары
C++ тілінің алфавиті
C++ тілінің алфавиті келесі таңбаларды қамтиды:

  • латын тілінің бас жəне кіші əріптері жəне астын сызу белгісі;

  • 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары, A жəне F арасындағы оналтылық цифрлар;

  • арнайы белгілер: " { } , | [ ] ( ) + - / % *. \ ‘ : ? < = > ! & # ~ ; ^

  • бос орын символдары: бос орын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.

Алфавит символдарынан тіл лексемалары құралады. Олар:

  • идентификаторлар;

  • түйінді (резервтегі) сөздер;

  • операциялар белгілері;

  • тұрақтылар;

  • ажыратқыштар (жақшалар, нүкте, үтір, бос орын симводары).

Лексемалардың шекараларық символдары ретінде ажыратқыштар немесе
операциялар белгілері сияқты басқа лексемалар қолданылады.


Идентификаторлар
Идентификатор – бұл программалық объектінің атауы. Оны құру үшін латын əріптері, цифрлар жəне астын сызу белгісін қолдануға болады. Бас əріптер мен кіші əріптер əртүрлі символдар болып саналады, мысалы, sysop, SySoP жəне SYSOP – үш түрлі атау. Идентификатордың алғашқы символы əріп немесе
6
астын сызу белгісі болуы тиіс, алғашқы символ ретінде цифрды қолдануға болмайды. Атау символдарының ішіне бос орын қойылмайды.


КЕҢЕС

Программа түсінікті түрде дұрыс оқылуы үшін объектілерге мағынасы бар атаулар берген жөн. Атауларды беру ережелері туралы венгрлік нотация деп аталатын (себебі, бұл нотацияны Microsoft компаниясының ұлты венгр қызметкері ұсынған) келісім бар, осы нотацияға сəйкес идентификатор құрамындағы əрбір сөз бас əріптен басталады да, оның алдына шаманың типіне сəйкес келетін префикс қойылады, мысалы, iMaxLength, lpfnSetFirstDialog. Келесі бір қалыптасқан дəстүр – атауды құрайтын сөздерді астын сызу белгілерімен ажыратып жазу, мысалы: zat_bagasy, max_length, number_of_ galosh.


Стандарт бойынша идентификатордың ұзындығы шектелмеген, бірақ кейбір компиляторлар мен жинақтауыштар (компоновщиктер) оған шектеу қояды. Идентификатор айнымалыларды, функцияларды, типтерді жəне т.с.с. жариялау кезеңінде құрылады, осыдан кейін оны программаның келесі операторларында қолдануға болады. Идентификаторды таңдауда төмендегі шарттарды ескерген жөн:



  • идентификатор түйінді сөздермен жəне тілдің қолданылатын стандартты объектілерінің атауларымен сəйкес келмеуі тиіс;

  • идентификаторларды астын сызу символымен бастамаған жөн, себебі олар жүйелік функциялардың немесе айнымалылардың атауларымен сəйкес келуі мүмкін, сонымен қатар бұл программаның орындалу жылдамдығын төмендетеді;

  • сыртқы айнымалыларды анықтау үшін қолданылатын идентификаторларға жинақтауыштар шектеу қояды (əртүрлі жинақтауыштарды немесе жинақтауыш нұсқаларын қолдану сыртқы айнымалылар атауларына да əртүрлі талаптар қояды).



Түйінді сөздер
Түйінді сөздер – бұл компилятор үшін арнайы мағынасы бар алдын ала анықталған (резервтегі) идентификаторлар. Оларды тек өз анықталған мағынасында ғана қолдануға болады. С++ тілінің түйінді сөздерінің тізімі 1.1-кестеде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет